« 11 »b сынып оқушысы
Сарсекенова Жулдыз
«Он күн ата-ананың кәсіпорнында» әлеуметтік практикасын өту
Күнделігі
Практиканы өту орны (мекен-жайы)_Екібастұз қаласы, Энергетиков
Кәсіпорынның атауы ТОО «МЫРЗАХАН»
Ментордың аты-жөні Сарсекенова Кымбат Маркеновна
_________________________ _________________________
(ментордың қолы) (оқушының қолы)
«30» маусым 2014 ж. «4» шілде 2014 ж.
Фирма, ұжым ерекшелігімен толық танысу. Аймақ бойынша кәсіпорынның байланысын, ролін, корпоративті мәдениетін және жұмыс тәртібін зерттеу.
Независимая сеть клинико-диагностических лабораторий «ОЛИМП» работает на рынке услуг в области лабораторной диагностики с января 2007 года. Цель создания сети КДЛ «ОЛИМП» - повышение качества медицинских исследований в стране до уровня мировых стандартов, внедрение инновационных технологий в области лабораторной диагностики, усовершенствование системы доказательной медицины в Казахстане.
Ментордың жұмысын зерттеу (мамандығы, лауазымдық қызметі және т.б.)
Ментор, менің анам таңертенгі 8:00 ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында, 8:00-ден 12:00-ге дейін адамдар келіп, қан тапсырады, 12:00-ден бастап менторге адамдар кел-ден бастап менторге адамдар келп өз анализдерін алады.
Практикадан өткен әр күн соңында жазылған рефлексия. Рефлексияда тәуелсіздік, нақтылық, ақпараттың шындығы, дәлелділік, бірізділік және талдау қорытындысы болуы керек.
1күн
Әдеттегідей таңертеннен бастап, адамдар келіп, қан тапсыра бастады. Қарапайым медбекенің қызметтерін орындауға тырыстым.
Міндеттері:
1)қызмет көрсетілетін ауданның тұрғындарына тікелей емханада және үйде білікті көмек көрсету;
2)бекітілген тұрғындар, мектеп, колледж және ЖОО оқушылары мен студенттері арасында профилактикалық шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3)науқастардың, экстрагенитальді патологиясы бар фертильді жастағы әйелдердің диспансерлеуін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
4)жіті және кенеттен ауырғанда, жарақаттарда, улану және басқа да жазатайым жағдайларда науқастарға алғашқы және жедел көмек көрсету;
5)аурудың бейініне қарай науқасты алдын ала тексеріп, стационарлық емдеуге жататын тұлғаларды уақытылы ауруханаға жатқызу;
6)профилактикалық тексерістердің барлық түрлері (жұмысқа орналасуда алдын ала тексерістен өту, мерзімді, мақсатты және басқа), соның ішінде ақылы;
7)тұрғындарды диспансеризациялау, соның ішінде динамикалық бақылауға жататын тұлғаларды іріктеу;
8)эпидемияға қарсы шаралар: егулер, жұқпалы ауруларды анықтау, «ошақтарда» бақылау;
9)уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздықтың сараптамасы;
10) еңбек қабілетінен тұрақты айырылу белгілері бар тұлғаларды медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына жолдау.
2күн
Бүгінгі күнде мен анализдер жасау алдында не істеу керек екенің туралы сұхбат алдым:
Ж: Нақты анализ алу үшін қандай дайындықты өткізу керек?
М: Әрине, биохимиялық қан тапсырған кезде 12 сағат анализ алдында тамақ ішпеу керек, себебі бұл қанның фрменттеріне әсер етеді. Және тағы бір айтатыным, алкоголь ішуге болмайды, процедурлық кабинетке кірер алдында қобалжымай, тыныштық сақтау қажет, басқа да препараттарды қолдануды әзірше тоқтату керек және т.б. көпшілік мақұлдаған ережелерді сақтау қажет.
Көбірек ақпарат алу үшін, мен стендтегі ақпаратты оқып, есьа сақтап алдым. Үйге келген соң http://www.kdlolymp.kz/podgotovka сайтын ашып, толық ақпаратпен таныстым.
3күн
Әдеттегідей келіп мен ментордан медбике туралы ақпаратты сұрадым. Жана білгенімнен: Медициналықбике - емдеу-профилактикалық мекемелерде (фельдшер-акушерлік, емханалар, денсаулық сақтау пункттері, диспансерлер мен ауруханалар), сонымен қатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, ұйымдарда (Халықаралық Қызыл Крест және Жарты ай) дәрігердің тікелей басшылығымен жұмыс істейтін, медициналық орта білімі бар маман. Медициналық медбике емдеу-профилактикалық шаралар барысында, әлеуметтік-медициналық көмек беру кезінде, сонымен қатар босанатын әйелдерге дәрігерлік көмек беретін, балалар және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде дәрігердің көмекшісі қызметін атқарады.
4күн
Таңертең адамдар аз болған соң, мен Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар
туралы ақпарат ала бастадым.
«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:
• Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
• Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
• Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.
«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:
• өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;
• Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;
• Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;
• Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.
5күн
Соңғы күнді босқа өткізбей алған ақпаратты терендетуге кірістім. Маған ұнаған тақырып туралы білімімді терендеттім. Медициналық қызмет этикасын менгердім, Медициналық этика , немесе медициналық деонтология (греч. deon – парыз; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандық әдебиетте кеңінен қолданылуда), – яғни бұл –медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы. Қазіргі заманғы түсінік бойынша, медициналық этикаға келесі аспектілер кіреді:
• ғылыми – медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы;
• практикалық – кәсіби медицициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.
Қорытынды жасау, 300-400 сөзден, өткен практика бойынша есеп беру (рефлексиялық күнделікке сай: презентация, фото, видеоматериалдар)
Практика негізінде, мен медицина саласын кішкене болса да, жақындадым. Бұл өте пайдалы тәжірибе. Себебі, кәдімгі оқығыннан, естігеннен пайда аз. Өз көзімен көріп, жасаған жөн. Алдынғы уақытта мен қобалжыдым, өйткені танысу, дағдылану маған өте қиын, әйтсе де, мен өз мақсатыма жеттім. Ал мақсатым болған:
Жұмыс орнымен танысу;
Жұмысшылармен тіл табыса білу;
Медицина туралы ақпарат алу;
Медбике жұмысымен танысу;
Тұтынушылармен қарым-қатынас жасау;
Алған білім негізінде жоспар жасау;
Қарапайым медбекенің қызметтерін орындауға тырыстым. бұл менің болашақ мамандағыма өз әсерін тигізеді. Медициналық бике емдеу-профилактикалық мекемелерде (фельдшер-акушерлік, емханалар, денсаулық сақтау пункттері, диспансерлер мен ауруханалар), сонымен қатар мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, ұйымдарда (Халықаралық Қызыл Крест және Жарты ай) дәрігердің тікелей басшылығымен жұмыс істейтін, медициналық орта білімі бар маман. Медициналық медбике емдеу-профилактикалық шаралар барысында, әлеуметтік-медициналық көмек беру кезінде, сонымен қатар босанатын әйелдерге дәрігерлік көмек беретін, балалар және мектепке дейінгі балалар мекемелерінде дәрігердің көмекшісі қызметін атқарады. Бұның бәрін біле отырып, мен өз тандаумды жасадым. Енді мен өз шешімімді қабылдадым. Мен өз болашақ мамандығымды медицинамен байланыстырамын. 2002 жыл біздің республикамызда Денсаулық жылы болып жарияланды. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының даму және нығаю тарихы Қазақстанның бүкіл халық шаруашылығының даму тарихын көрсетеді. Республикадағы денсаулық сақтау саласы бүгінгі күні қиын жағдайда: бюджеттегі емдеу мекемелері азаматтарға қолайылы, ақысыз, білікті медициналық жәрдем көрсете алмайды, ал ақылы жәрдем алуға жұрттың бәрінің мүмкіндігі жоқ, жаңа жүйе болса әлі игерілмеген. Біз денсаулық сақтау саласын алға ілгерілету үшін ең алдымен оның даму тарихын, оны құрушыларды білуге, оларды қиын экономикалық жағдай кезінде ұзақ жылдар бойы сіңірген еңбегін ардақтауға тиістіміз. Адамдарға көмек көрсетіп адал еңбек етуге, Қазақстанның медицинасын жақсартуға үлес қосамын.
Он күн ата-ананың кәсіпорнында
Отчет по практике по предмету «Медицина»