АРХЕОЛОГИЯЛЫК КЕЗЕНДЕР

Лекции по предмету «Археология»
Информация о работе
  • Тема: АРХЕОЛОГИЯЛЫК КЕЗЕНДЕР
  • Количество скачиваний: 70
  • Тип: Лекции
  • Предмет: Археология
  • Количество страниц: 85
  • Язык работы: қазақ (Казахский)
  • Дата загрузки: 2015-01-01 17:05:07
  • Размер файла: 90.07 кб
Помогла работа? Поделись ссылкой
Информация о документе

Документ предоставляется как есть, мы не несем ответственности, за правильность представленной в нём информации. Используя информацию для подготовки своей работы необходимо помнить, что текст работы может быть устаревшим, работа может не пройти проверку на заимствования.

Если Вы являетесь автором текста представленного на данной странице и не хотите чтобы он был размешён на нашем сайте напишите об этом перейдя по ссылке: «Правообладателям»

Можно ли скачать документ с работой

Да, скачать документ можно бесплатно, без регистрации перейдя по ссылке:

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕР

Ежелгі адамзат тарихы тас, қола, темір дәуірлеріне бөлінеді

І. Тас дәуірі
1. Палеолит















2. Мезолит

3. Неолит Ежелгі палеолит: б.з.б. 2 млн. – 140 мың ж.


Дошелль(Олдувэй) Шелль Ашелль

Орта палеолит: б.з.б. 140 мың – 40 мың ж.


Соңғы Ашель Мустье


Кейінгі палеолит: б.з.б. 40 мың – 12 мың ж.


Ориньяк Солютре Мадлен

Б.з.б. 12 – 5 мың ж.

Б.з.б. 5 – 3 мың ж.
ІІ. Қола
дәуірі
Б.з.б. 2 – 1 мың ж.
ІІІ. Темір
дәуірі
Б.з.б. 1 мың ж.



АНТРОПОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

Ежелгі адамның қалыптасуы австралопитек, питекантроп, синантроп, неандерталдық , кроманьондық деп бөлінеді

1. Австролопитек
«Епті адам»


Шығыс Африкада, Олдувай шатқалынан табылды. Жасы – 1 млн. 750 мың жыл. Миының көлемі – 652 см3
ІІ. 1.Питекантроп
«Тік жүретін адам»



2. Синантроп
«Қытай адамы» 1890-1891 жылы Ява аралынан алғашқы питекантроп табылды.

1927 жылы Пекин маңынан Чжау-коу-дян үңгірінен алғашқы синантроп табылды. Жасы 1 млн.жыл. Миының көлемі – 950 см3

ІІІ. Неандерталдық Неандерталь үңгірінен (Германия) табылды. Жасы – 140 мың жыл. Миының көлемі 1300-1400 см3

ІҮ Кроманьондық
«Саналы адам» Кроманьон үңгірінен (Франция) табылды. Жасы – 40 мың жыл. Миының көлемі – 1500-1800 см3



Алғашқы адамдар арасындағы қоғамдық қатынастар дамуының кезеңдері: алғашқы адамдар тобыры, рулық қауым, көршілес қауым


ТАРИХИ ДӘУІРЛЕР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1. Алғашқы адамдар тобыры Алғашқы адамның пайда болу және алғашқы еңбек құралдарының жасалуы. Аңшылықпен және терімшілікпен күн көруі. Отты жаға білуі. Адамның даму эволюциясының жетіліп бітуі.
2. Рулық қауым Өндірістік қатынастардың дамуы. Ру мүшелері арасында туыстық қатынастың қалыптасуы. Меншік пен теңдік негізделуі.
3. Көршілес қауым








ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ
(б.з.д 800-140 мың ж)

Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері



Оңтүстік Қазақстан
Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Қарасу, Шабақты, Арыстанды


Орталық Қазақстан

Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы

Шығыс
Қазақстан

Қозыбай

Батыс
Қазақстан

Шабақтысай, Сарытас






ОРТА ПАЛЕОЛИТ ДӘУІРІ
(б.з.д. 140-40 мың. ж)

Орта палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері



Оңтүстік Қазақстан

Ш.Уалиханов атындағы тұрақ, Тоқалы, Қызылрыспек, Үкілі

Орталық Қазақстан

Обалысай, Мұзбел, Өгізтау І-ІІ, Үлкен Ақмая

Батыс
Қазақстан

Өніжек, Аққыр, Құмажақ

Шығыс
Қазақстан

Бөдене, Қызылсу







КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ ДӘУІРІ
(бұдан бұрын 35-30 мың жыл – 12-20 мың жыл аралағы)

Кейінгі палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері


Оңтүстік Қазақстан

Ащысай, Үсіктас

Орталық Қазақстан

Батпақ, Қарабас, Агренсор

Батыс
Қазақстан

Аққыр, Шақпақата, Өніжек

Шығыс
Қазақстан

Свинчатка, Шульбинка, Пещеры, Новоникольский, Қанай






МЕЗОЛИТ ДӘУІРІ

Мезолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері



Солтүстік Қазақстан
Мичурин, Боголюбово-2, Явленка-2, Тельман –7, 8, 9, 14, Виноградовка – 2,12, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз


Орталық Қазақстан

Әкімбек, Қарағанды-15








НЕОЛИТ ДӘУІРІ
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері


Арал маңы Сексеуіл
(Арал тұрақтары тобы)

Оңтүстік Қазақстан
Қара үңгір, Қарақұдық,
Бүркітті, Үшбұлақ
Шығыс Қазақстан Нарым, Қызылсу, Сатшықыз
Солтүстік Қазақстан Қаратомар, Иман-Бұрлық, Дамсы, Ботай



Батыс Қазақстан Тоқсанбай, Сам, Көктүбек, Жағалбұлақ, Темір, Шатпақкөл, Күлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс


Орталық Қазақстан
Қосқұдық, Ырғыз, Қаратоғай, Батпақ


Солтүстік-батыс Қазақстан
Явленка, Карлуга, Боголюбово, Виноградовка, Тельман-1,10, Мақанжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Аманкелді

ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

Қола дәуірінің кезеңдері:

1. Ерте қола дәуірі – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮ ғасырлар
2. Орта қола дәуірі – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғасырлар
3. Кейінгі қола дәуірі – б.з.б. ХІІІ-ҮІІІ

Қола дәуірінің археологиялық
ескерткіштері

Орталық Қазақстан Бөрібас, Алғабас, Дәндібай, Бесоба, Байбала, Бұғылы, Беғазы, Талды, Мыржық, Ақмая, Беріккөл

Шығыс Қазақстан Қанай, Трудникова, Малокрасноярка

Солтүстік Қазақстан Садчиковское, Алексеевское, Затобольское, Приречный, Чаглинский, Төңкеріс, Ақмола, Арқайым, Новоникольское

Оңтүстік Қазақстан Түгіскен, Таутары

Батыс Қазақстан Ахмет-ауыл, Бесбай, Тастыбұтақ, Кіргелді

ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

Темір дәуірі екі кезеңге бөлінеді:

1. Ерте темір дәуірі – б.з.б. ҮІІІ – б.з.б ІІІ ғасырлар
2. Кейінгі темір дәуірі – б.з.б. ІІІ – б.з. ҮІ ғасырлар

Сақ тайпаларының археологиялық
ескерткіштері:

Оңтүстік Қазақстан
және Жетісу Жуантөбе, Түгіскен, Ұйғарақ, Қарашоқы, Беріқара, Есік, Қарғалы, Бесшатыр, Алтынемел-3, Қадірбай-2, Қызылауыл
Шығыс Қазақстан Берел, Катон, Күрті, Майемер, Құлажорға, Баты, Шілікті, Бұқтырма, Жолқұдық, Чернореченск, Боброва, Ертіс, Мнотьевка
Солтүстік Қазақстан Бірлік-ІІ, Покровка, Бектекіс, Карлуга, Кеноткел, Боғанты
Орталық Қазақстан Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет, Жоланды
Батыс Қазақстан Целинный-І, Сынтас, Бесоба, Нагорненский, Алебастрова-11, Лебедовка, Бәйте
Арал маңы Шірік-Рабат, Баланды, Бабыш-молда

ҒҰНДАР.
Б.з.б ІІІ ғасырдың аяғында қытай деректерінде «ғұн» атауы кездеседі (хунну немесе сюнну). Ал европалық жылнамашылар оларды гунни деп атаған.
Б.з.б 206 жыл – ғұндардың билеушісі Мөде шаньюй батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте Саян-Алтай тайпаларын бағындырып, оңтүстікте Қытайдағы Хань әулиетін жеңеді.
Б.з.б 55 жыл – ғұн одағы екіге бөлінді:
- Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды
- Солтүстік ғұндар Монғолияның солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлі маңына ордаларын орнатты.

Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан (б.з.б І ғасырдың соңы мен б.з І ғасырдың аралығында) келді.
Б.з ІҮ ғасыр – оңтүстік Орал даласы Дунайға жетіп, «ғұндар» деген ел Венгрияға қоныстанды.

Еділ(Атилла) патша тұсында Ғұн империясы дамуының жоғарғы сатысына жетті.
• Еуропаның Рим үстемдігінен азат болды.
• Құл иеленушілік жойылуына әрекет жасады
• Ғұндарда әскери-демократиялық құрылыс нығайды
453 жылы Еділ қайтыс болғаннан кейін ғұн тайпалық одағы ыдырай бастады.
ҮЙСІНДЕР
• Б.з.б. ІІ ғасыр – үйсін тайпалары Орталық Азиядан Жетісуға қоныс аударды. Б.з.б 160 жыл шамасы – үйсіндер тиграхауда - сақтарының жерін мекендеді.
• Астанасы – Чигучен (Қызыл аңғар) қаласы (Ыстық көл жағасы)
• Үйсіндер билеушісінің титулы - гуньмо (күнбегі)
• Үйсіндер ежелгі түркі тілінде сөйлеген.

Үйсін қоғамындағы қорғандар көлемі жағынан 3-ке бөлінді:
1. үлкен – диаметрі 80 м, биіктігі 15 м;
2. орташа – диаметрі 15 м, биіктігі 4 м;
3. кіші – диаметрі 10 м, биіктігі 1м;

Үйсіндердің археологиялық ескерткіштері:

Қаратал кезеңі:
(б.з.б. ІІІ – І ғ.ғ.) Қаратал, Қарғалы, Қапшағай – ІІІ, Үңгірқара – І, Қызылеспе, Бесшатыр–ІІ,
Өтеген –І, Қалқан –І, Ақшоқы –4, Бетағаш, Сарытоғай, Кеңсай, Бурка, Шелпек
Жетісу кезеңі:
(б.з. І-ІІІ ғ.ғ.) Талғар –І, ІІІ, Ақтас –7,
Сарытау - 1,2, Ұзынбұлақ, Қызылқайнар, Күрті, Қараша, Шошқалы

ҚАҢЛЫЛАР

Б.з.б ІІІ ғасыр – Қазақстанның оңтүстігінде қаңлылардың бірлестігі құрылды. Астанасы БИТЯНЬ қаласы. Халқы – 600 мың, 120 мың үй. Билеушісінің титулы – ХАН. Бүкіл елді басқару ісін ханның үш уәзірі атқарған.

Қаңлылардың археологиялық
ескерткіштері

Қауыншы мәдениеті: Ақтөбе – 1,2, Шаушықұм, Жамантоғай, Төребайтұмсық

Отырар-Қаратау мәдениеті: Пұшық-мардан, Көкмардан, Қостөбе, Шаштөбе, Кетман-төбе, Шөптөбе, Ахайтөбе, Мардан-күйік, Ботай-төбе

Жетіасар мәдениеті: Жетіасар, Алтынасар, Томпақ асар, Бидайықасар, Үңгірасар.

ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР

ЕЖЕЛГІ ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
(552-603 жылдар)

535 жылы түрік қолбасшысы Бумын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546 жылы – Теле тайпасы түріктерге қосылып, үлкен күшке ие болған Бумын 552 жылы 50 мың әскерімен авар мемлекетін талқандады.

«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі.

• 561-563 жыл – түріктер эфталиттерге қарсы иранмен әскери одақ құрды.
• 564 жыл – иран шахы Хұсырау Ануар Тоқарыстанды жаулады.
• 567 жыл – Бұқар түбінде эфталиттерді жеңді.


603 жылы қағанат 2-ге бөлінді: Батыс және Шығыс түрік қағанаттары





БАТЫС ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
(603-704 ЖЫЛДАР)

Қағанаттың орталығы ЖЕТІСУ. Астанасы СУЯБ қаласы.

Тайпа 2 ге бөлінеді
1. Дулу – Шу өзенінен Шығысқа қарай орналасқан 5 тайпа
2. Нушиби – Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген 5 тайпа.
Қоғамдық құрылымы

Қаған

Шад, жабғу, елтебер
(ашна руынан шыққан жоғары шенділер)

Бек, (ру, тайпа басқарушысы), тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)

Тұдын (салық жинаушы)

Қара бұдын (қарапайым халық)

Таттар (құлдар)

Халқы – үйсіндер, қаңлылар (Жетісу, Сырдария), қарлұқтар (Шығыс Қазақстан), түркештер (Балхаш, Іле Алатауы), шығыл руы (Ыстық көл), яғма руы (Шығыс Түркістан)
ТҮРКЕШ ҚАҒАНАТЫ
(704-756 жылдар)

Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған. Алғашқы қағаны – Үшелік. Территориясы: Шаш – Тұрпан – Бесбалық аралығы. Астанасы СУЯБ, жазғы ордасы КҮНГІТ қалалары. Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа (түтік) бөлінді.

Қағанат 2 қарсылас топқа бөлінді:
• Сары түркештер, ордасы – Суяб (Шу өзені бойында)
• Қара түркештер, ордасы – Тараз (Талас өзені бойында)


732 жылдың аяғы – арабтар түркештерді ығыстырып, Бұқарды қайтара жаулады
736 жыл – Сұлық қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып, Тоқарыстанға дейін барды да, жеңіліске ұшырады
738 жыл – сары түркеш көсемі Баға-Тархан Сұлықты өлтіріп, оның ұлына қарсы соғысты бастады
751 жыл – Алтах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас
756 жыл – қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады


ҚАРЛҰҚ ҚАҒАНАТЫ
(756-940 жылдар)

V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды «бұлақтар» деп атаған.
Олардың мекені: Алтай, Балхаш көлінің шығыс жағалауы.

• 756 жыл – Қарлұқ қағанаты құрылды. Астанасы СУЯБ қаласы. Территориясы: Шу мен Талас өзені, батыс Тянь-Шань, Ферғана, Сырдария маңы.
• 766-775 жылдар – қарлұқтар Қашғарияны жаулады.
• Қарлұқ қағанатының билеушісі - ЖАБҒУ.
• Қарлұқ тайпалары Жетісуда 200 жылдай билік құрды.

Қағанаттың әлсіреуінің себептері: ішкі тартыстар, жайылым жер үшін күрес.

• 940 жыл – Шығыл және яғма тайпалары Баласағұнды жаулап алып, Қарлұқ қағанаты өмір сүруін тоқтатты.






ОҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІ
(ІХ-ХІ ғғ. басы)

VІІІ ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударады.
ІХ ғасырдың басы – Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларын қоныстанды.
ХІ ғасырдың аяғы – Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.
Астанасы – ЯНКИГЕНТ.
Билеушісі – ЖАБҒУ.
Орынбасары – КҮЛ-ЕРКІН.
Әскербасы – СЮБАШЫ.

Оғыздардың діні – пұтқа табыну, шаманизм, кейінірек ислам діні енді.

Оғыздар Евразияның саяси өміріне араласқан.
• 965 жылы – Киев Русімен одақтасып, Хазарияны талқандады
• 985 жылы – Еділ Бұлғариясын жеңді
• 1041 æûëû Øàõì¸ëiê Õîðåçìäi æàóëàï àëäû.
• 1043 жыл – Шахмәлік селжұқтардың қолынан қаза тапты. Ол оғыздардың соңғы билеушісі

Оғыз мемлекетінің әлсіреу себептері: селжұқтармен ұзаққа созылған соғыстар, ішкі тартыстар, қыпшақ тайпаларының шабуылдары.

ҚИМАҚ МЕМЛЕКЕТІ
(ІХ-ХІ ғғ. басы)

Қытайлар қимақтарды «яньмо» деп атайды. Олар VІІ ғасырдың басында Монғолияның солтүстік Батысын мекендеп, VІІ ғасырдың ортасында Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс аударады.

VІІІ ғасырдың ІІ жартысы – ІХ ғасырдың басында қимақтар 3 бағытта көшті:
• Оңтүстік Оралға
• Сырдария мен Оңтүстік Қазақстанға
• Солтүстік Шығыс Жетісуға.

Астанасы – ҚИМАҚИЯ.
Билеушісі – ЖАБҒУ, Х ғасырдан бастап – ҚАҒАН.

Қимақ қағанатының құрамын 7 тайпа құрады: эймур, имақ, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, ажлар.

Қимақ мемлекеті 12 ұлысқа бөлініп, оларды әскери көсемдер басқарған.
Қимақ қағанатының құлауының себептері:
• Қыпшақ хандарының дара билікке ұмтылуы
• Ішкі тартыстардың күшеюі
• Орталық Азиядағы көшпелі тайпалардың көптеп келуі

САҚТАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ

Б.з.б. 1 мың жылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер – САҚТАР.

Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі аталған:
• Гректер – азиялық скифтер
• Парсылар – құдіретті еркектер
• Ирандықтар – жүйрік атты турлар

Сақ тайпаларының негізгі үш тобы

Парадарайа
(теңіздің арғы жағындағы сақтар) Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізі маңы, Амудария мен Сырдарияның төменгі ағысы

Тиграхауда
(шошақ бөрікті сақтар) Сырдарияның орта ағысы, Тянь-Шань, Жетісу

Хаумаварга
(хаома сусының дайындайтын сақтар)
Мургаб аңғары (Түркіменстан)



САҚТАР

Б.з.б. VІІ-ІV ғасырларда сақ тайпалар одағы құрылды.

Сақ қоғамының сипаты - әскери-демократиялық.

3 негізгі топқа бөлінген, әр топтың өзінің дәстүрлі түстері болған:
1. Жауынгерлер – қызыл түс
2. Абыздар – ақ түс
3. Қауым мүшелері – сары және көк түстер

Сақ тайпалар одағының билеушісі – ПАТША. Сонымен бірге сақ патшасы:
• көктемге жерге алғашқы соқа салушы
• малшылардың үйретуші ұстазы
• құдайлардың қалаушысы, аспан мен жер арасындағы дәнекерші болып есептелген

Грек тарихшысы Геродот деректерінде:
• б.з.б. VІ ғасырда сақ-массагеттердің патшайымы Томиристің парсы патшасы Кирмен соғысу
• б.з.б. 519-518 жылдардағы парсы патшасы І Дарийдің сақтармен соғысы
• б.з.б. ІV ғасырда Александр Македонскийдің сақтармен шайқасы жазылған


САРМАТТАРДЫҢ САЯСИ ҚҰРЫЛЫМЫ

Сармат атауы антик деректерде б.з.б. ІІІ ғасырдан белгілі.
Саврамат-сарматтар – Орталық Азия мен Қара теңіз өңірі мәдениеттерін байланыстырушы тайпа.
Сармат тайпалар одағы – роксаландар, аландар, аорыстар, сирактар.
Сармақ қоғамының сипаты - әскери-демократиялық. Ішкі және сыртқы мәселелерді әскербасылары шешті.
Сарматтар тілі иран тілі. Сарматтар – еуропоидтық нәсіл.

Савраматтар ескерткіштері Целиноград, Сынтас, Бесоба қорымдары.

Сармат ескерткіштері үш дәуірге бөлінген:
1. Ерте сармат дәуірі б.з.б. ІV-ІІ ғасырлар
2. Орта сармат дәуірі б.з.б. ІІ-б.з. І ғасырлар
3. Соңғы сармат дәуірі б.з. ІІ-ІV ғасырлар

Сарматтардың негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы. Басты түліктері – қой мен жылқы. Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қоса егін шаруашылығымен айналысты.




ҚАРАХАН ХАНДЫҒЫ
(942-1210 жылдар)

Қарахан әулетінің негізін салушы БОГРА ХАН.
Муса хан 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.

ХІ-ХІІ ғасырларда территориясы Мауереннахр-Қашқар аралығы.

ХІ ғасырдың 30 жылдары мемлекет екіге бөлінді:
1. Батыс хандық; Территориясы Мауереннахр
2. Шығыс хандық; астанасы – БАЛАСАҒҰН. Территориясы: Жетісу, Қашғар, Тараз. Исфиджаб, Шаш, Ферғана

• 1089 жыл – қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелдікке түсті.
• 1128 жылы – қарақытайлар Шығыс хандықты жаулап, Жетісуда қарақытай билігі орнайды
• 1141 жылы – қарақытайлар қарахан мемлекетін түгелдей бағындырды

Қарахандар әулеті яғма тайпасының өкілдерінен болды.

ХІІІ ғасырдың басы – қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

ҚАРАҚЫТАЙЛАР МЕМЛЕКЕТІ
(1128-1211 жылдар)

1128 жылы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы қарахан-қарақытай одағы жасалды. Елұй Дашы Баласағұнға кірген соң, Жетісуда өз билігін орнатты. Территориясы Енесей-Талас аралығы. Олар Жетісуда жергілікті түркі тілдес халықпен араласып, қарақытайлар атанды.

Билеушісінің титулы – ГОРХАН (хандардың ханы).
Астанасы – БАЛАСАҒҰН.

1169 жылы Елұй Чжилугу тұсында әр аймақ билеушілері тәуелсіз саясат жүргізе бастады. Христиандыққа бой ұрған Елұй Чжилугуге қарсы кең мүсылмандық қозғалыс басталады .

1208 жылы Жетісуға келген найман ханы Күшлік бұл қолайлы жағдайды пайдаланады.

1211 жылы наймандар Жетісудағы билікті тартып алып, қарақытайлар мемлекеті құлайды.






НАЙМАН ЖӘНЕ КЕРЕЙ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
(Х-ХІІ ғасырлар)

Найман тайпалық одағы VІІІ ғасырдың ортасында Ертіс пен Орал өзендері бойында пайда болған.
Х ғасыр – найман мемлекеті құрылып, ол бірнеше ұлыстардан тұрды. Әр ұлыстың ханы болған.
Билеушісі – ХАН. Салық жинаушысы – ГЕРБИ.
Іс-қағаздары ұйғыр жазуында жүргізілді.
1007 жыл – наймандар мен керейлер несториандық бағыттағы христиан дінін қабылдады.
1204 жыл – Шыңғыс хан наймандарды бағындарды.
1211 жыл – наймандар Жетісудағы билікті қарақытайлардан тартып алды.
1218 жыл – Жебе ноян шабуылынан Найман хандығы құлады.

Керейлер туралы алғашқы жазба деректер Х ғасырда кездеседі. Керей хандығының екі астанасы болды:
1. Солтүстікте Орхон өзені бойындағы ҚАТЫНБАЛЫҚ қаласы
2. Оңтүстікте – Хуанхэ өзені бойында

Керейлер билеушісі – ТҰҒЫРЫЛ ХАН.
1203 жыл – моңғолдар шапқыншылығынан керей мемлекеті құлады.
ҚЫПШАҚ МЕМЛЕКЕТІ
(ХІ ғасырдың басы – 1219 жыл)

Қыпшақ этникалық қауымдастығының дамуын 3 кезеңге бөлеміз:
1. VІІ- VІІІ ғасырлар
2. VІІІ-ХІ ғасырлар
3. ХІ-ХІІІ ғасырлар
Билеушісі – ХАН. Билікке елбөрі руынан сайланды. Астанасы – ОРДА.
Мемлекет екі қанатқа бөлінді:
1. Оң қанат – орталығы Жайық өзені бойындағы САРАЙШЫҚ қаласының орны
2. Сол қанат – орталығы СЫҒАНАҚ қаласы
1133 жылы Атсыз Дешті Қыпшаққа ілгерілей еніп, қыпшақтарды жаулайды.

Қыпшақ мемлекетінің ыдырау себептері:
• Қыпшақ ақсүйектерінің Хорезмге қарай бейімделуі
• Қаңлылардың ірі бірлестігінің құрылуы
• Хандық билік үшін тартыстың күшеюі
1216 жылы Мухаммед Қадыр ханға қарсы жорығы кезінде Торғай даласында Жошы бастаған моңғолдармен соқтығысып қалады.
1219 жылғы моңғол шапқыншылығынан Қыпшақ мемлекеті құлап, оның жері моңғол ұлыстарының құрамына енді.
Қыпшақтар – еуропалық нәсілден моңғолдыққа өтудегі Оңтүстік Сібір тобы. Қыпшақ тілі қазіргі қазақ тілінің негізін құрайды.
ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕГІ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ
Жібек жолының бағыттары
Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар Жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.
Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті буддан діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз.
Ұлы Жібек жолы Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:
1. Лазурит жолы: Бадақшам тауы – Иран-Месопотамия –Мысыр-Сирия-Қытай
2. Нефрит жолы: Жаркентдария-Шығыс Түркістан-Қытай
3. Дала жолы: Қара теңіз жағалауы-Дон-Оңтүстік Орал-Ертіс-Алтай-Жоғары Ертіс-Зайсан көлі.

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінді:
1. Батыстан Шығысқа бағытталатын жол
2. Іле бағыты
3. Еуропа бағыты
4. Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты.

Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар





Мәдениет пен дінің таралуы

Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:
1. Пілдер патшалығы – Үндістан
2. Бағалы тастар патшалығы - Иран және Византия
3. Сәйгүліктер патшалығы – Түрік қағанаты
4. Адамдар патшалығы – Қытай

• Ұлы Жібек жолымен ән мен би өнері және әдибиет туындылары тараған.
• Ұлы Жібек жолының бойымен діндер таралды.
• Жібек жолымен ІІІ ғасырда Иранда пайда болған манихейлік дінді соғдылар таратты.
• Б.з.б. VІІ-VІ ғасырларда Иранда туған зороастризм Қазақстанға тарады.
• VІІІ-ІХ ғасырларда Оңтүстіс Қазақстанда ислам діні кең таралды.
Ең алғашқы мұсылман бейіттері Отырардан, Боран қала сыртынан табылды.
Ежелгі кесенелер: Бабаджа хатун, Айша бибі кесенелері
Ұлы Жібек жолы 2 мың жыл бойы жұмыс істеген.
ХІV-ХV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін, керуен жолы тоқтады.


Тіл және жазу
Б.з. 1 мың жылдығының ортасында Қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі. Олар үш топқа бөлінді:
1. Бұлғар-хазар
2. Батыс-түрік (оғыз)
3. Қарлұқ
• Түріктердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды. Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері – Солтүстік Моңғолияда, Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар.
• Көне түрік жазуын тұңғыш рет ХVІІІ ғасырдың 20 жылдарында Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг ашқан. Жазу скандинавиялық руна жазуына ұқсас болғандықтан руна жазуы деп аталды.
• 1893 жылы 15 желтоқсан дат ғалымы Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды.

Руналық жазулар сипаты:
- маңызы зор тарихи құжаттар
- әдеби көркем шығарма
- шешендік өнердің және батырлық туралы ауызша әңгіме дәстүрлерін сақтаған саяси проза
Қазақстандағы руналық ескерткіштер Талас аңғарынан табылды.
VІ-Х ғасырларда руна жазуымен қатар соғды жазуы және сирия, ұйғыр алфавиті болған
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
(ХІІІ-ХV ҒҒ.)
МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ
Қытай деректерінде моңғолия халқы “татарлар” деп атаған. ХІІ ғасырда моңғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеді. ХІІ ғ аяғы – ХІІІ ғ басы әскери феодалдық моңғол мемлекеті құрылды. Астанасы – ҚАРАҚОРЫМ. Негізін салушы – ТЕМУЧИН. 1206 жылы хан болып сайланып, Шыңғыс хан атанды. Моңғол тайпалары 3 қанатқа бөлінді:
1. Оң қанат – баруңғар
2. Сол қанат – жоңғар
3. Орталық –гол (күл)
Шыңғыс ханның әскері 95 мыңдықтан құрылды.
1207-1211 жылдар – Сібір халықтарын, Енесей қырғыздарын, Шығыс Түркістанды бағындырды.
1210-1211 жылдар- Қарлұқтар билеушісі Арсылан хан Шыңғыс хан билігін мойындады
1217 жыл – Алмалық алынды
1218 жыл – Баласағұн соғыссыз берілді
1219 ж – 150000 әскерімен Шыңғыс хан Отырарды қоршады
1219-1221 жылдар – Орта Азия түгелдей жаулап алынды
1219-1224 жылдар – Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды
Моңғол ұлыстары:
1. Жошы ұлысы – Ертістің батысынан Жетісудің солтүстігі, Дешті-Қыпшақ жері, Еділдің төменгі бойы, Хорезм, Сырдария. Ордасы – Ертіс өзені бойында.
2. Шағатай ұлысы – Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан, Мауереннахр. Ордасы – Іле өзені бойында.
3. Үгедей ұлысы – Батыс Моңғолия, Тарбағатай, жоғары Ертіс бойы. Ордасы – Чугучук маңы.
4. Төле ұлысы – Моңғолия. Ордасы - Қарақорым
АЛТЫН ОРДА
1243 жыл – Еділдің төменгі бойында Алтын Орда мемлекеті құрылды. Территориясы Батыста Днестрмен Шығыста Ертіске дейінгі жер, Солтүстік Шығыста Солтүстік Хорезм, Сырдария аймағы. Астанасы – САРАЙ БАТУ, кейіннен – САРАЙ БЕРКЕ қаласы. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет, ең азы моңғолдар болып табылады.
Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:
1. Оң қанат – Батый хан билігі
2. Сол қанат – Орда Ежен хан билігі
Басқару құрылымы:
1. Құрылтай – ақсүйектер жиналысы
2. Диван – ең жоғарғы атқарушы орған, қаржы, салық мәселелерін мемлекеттің ішкі істерін атқарды
3. Беклербек - әскерді және дипломатиялық істерді басқарушы
4. Нояндар, бектер, әмірлер, баһардүрлер, әскербасылар
Феодалдық жер иелену түрлері:
• Інжу – Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер
• Сойырғал - әскер немесе азаматтық қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйға берілетін үлестік жер
• Тархандық құқық – үлестік жер иелерінің мемлекеттің пайдасына жиналатын салықтан босатылып, өз пайдасына салық жинаушы
Салықтың 20 жуық түрлері енгізілді:
• Тағар - әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын егін және мал салығы
• Ұшыр – мал салығы
• Харадж – егіншілерден жиналатын салық
• Зекет – дін басыларына берілетін мал салығы


АЛТЫН ОРДАНЫҢ
ГҮЛДЕНУІ МЕН ЫДЫРАУЫ
ХІІІ-ХІV ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды.
Батый хан тұсында (1227-1255 жж) Алтын Орда Моңғол империясына тәуелді болды.
Берке хан (1257-1267 жж) тұсында тәуелсіздігін жариялады.
Мөңке ханның кезінде Алтын Орда өз теңгесін шығарды.
Өзбек пен Жәнібек хандардың тұсында Алтын Орда ең құдіретті мемлекет болды.
Өзбек ханның тұсында ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланды.
1359-1379 жылдар Ұлы Дүрбелең кезеңі.
Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері жиіледі:
• 1238 жыл – Бұхарда Махмуд Тараби бастаған көтеріліс
• 1240-1241 жылдар – Кама Бүлғариясындағы көтеріліс
• 1259 жыл – Новгород, Ростов, Суздальдағы көтеріліс
• 1262 жыл- Ярославльдегі көтеріліс
• 1270 жыл –Кама Бүлғариясындағы көтеріліс

Алтын Орданың күйреуінің себептері:
• Билік үшін өзара қырқыстар
• Әмір Темірдің жаугершілік соғыстарыХалық көтерілістері
• Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы

ХV ортасына қарай Алтын Орда құлап, бірнеше ұлыстарға өз алдына хан сайлады.
АҚ ОРДА

Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде ХІІІ-ХV ғасыр басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Негізін қалаушы – ОРДА ЕЖЕН.
Территориясы – Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер.
Ірі қалалары – Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент.
Астанасы – СЫҒАНАҚ.
Халқы - өзбек-қазақ.
Алғашқы ханы – САСЫ БҰҚА.
Алтын Ордадан тәуелсіздікке Орыс ханның тұсында жетті.
Ақ Орданың әлсіреу себептері:
1. Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары
2. Ішкі тартыстар

ХІV ғ. 70-80 жылдары Ақ Ордаға Әмір Темір 10 шақты жаулаушылық жорықтар жасады.
Темірге қарсы ең қатты қарсылық көрсеткен Орыс хан.

• 1423-1428 жылдар – Ақ Ордада Орыс ханның немересі Барақ билік етті
• 1428 жыл – Шейбан ұрпағы Әбілхайырхан келді



МОҒОЛСТАН

Бұл мемлекет ХІV ғасырдың ортасында Орта Азияның солтүстік шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды.

Негізін құрған Әмір Полатшы(1346 ж)
Алғашқы ханы – ТОҒЫЛЫҚ ТЕМІР(1348).
Астанасы – АЛМАЛЫҚ.
Территориясы – Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түкістан.
Билеушісінің титулы – ХАН, дулат тайпасы әмірлерінен ұлысбектер тағайындалды.
Діні – ислам.

Моғолстанның ыдырауының себептері:
1. Феодалдық өзара қырқыстар
2. Ақсүйектердің елді үлестік бөлшектеуі
3. Халық наразылығын жиілуі

ХVІ басында Моғолстан мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.

Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке болып қалыптасу барысына негіз болды.




ӘБІЛХАЙЫР ХАНДЫҒЫ
Территориясы – Жайық-Балхаш-Арал теңізі, Сырдарияның төменгі ағысы, Тобыл, Ертіс. Астанасы – алғашқыда ТУРА, ОРДА-БАЗАР.
1446 жылдан - СЫҒАНАҚ қаласы.
Халқы - өзбектер, құрамында қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер болды.

Әбілхайыр ханның жүргізген соғыстары:
1430 жыл – Тобыл өзені бойында Махмуд Қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады.
1446 жыл – Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.
1457 жыл – Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде оңбай жеңіледі.
1468 жылы - Әбілхайыр хан Моғолстанға аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды.

ХVІ ғасыр басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мауереннахрға көшіп кетті.
Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының иелігіне қосылып, Орта жүз құрамына енді.





НОҒАЙ ОРДАСЫ

Алтын Орданың ыдырауы кезінде пайда болған ірі мемлекеттік бірлестіктің бірі – Ноғай Ордасы. Территориясы: Жайық-Еділ арасы. Ең ірі тайпасының атымен “Маңғыт жұрты” атанған. Астанасы – САРАЙШЫҚ (Жайық өзені бойында). Халқы – маңғыт, қыпшақ, қоңырат, найман, арғын, үйсін, қарлұқ, алшын, тама тайпалары.
Ноғай - Алтын Орда әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі.
Ноғай Ордасының негізін салушы - ӘМІР ЕДІГЕ. Íóðàä-äèííi» êåçiíäå Àëòûí Îðäàäàí á¼ëiíäi.
Орда билеушісі – ХАН. Ұлыс билеушісі – МЫРЗА. Орданы Едіге ұрпақтары басқарып, әкімшілік әскери, елшілік билігі мұрагерлік жолымен беріледі.

ХVІ ғасырдың ІІ жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, 2 бөлінді:
1. Үлкен Ноғайлы – Еділдің шығысы
2. Кіші Ноғайлы – Еділдің батысы

1634 жыл қалмақтар шабуылынан кейін Үлкен Ноғайлы Еділдің батысындағы Кіші Ноғайлыларға келіп қосылды.
ХVІІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ.басында Кіші Ноғайлы Азов маңына қоныстанып, біразы Бухарест шарты бойынша Туркияға көшті.

ХІІІ-ХҮ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ШАРУАШЫЛЫҚ ПЕН МӘДЕНИЕТ
Мал шаруашылығының 3 түрі болды:
1. Отырықшы
2. Көшпелі
3. Жартылай көшпелі
Сығанақ, Йасы қалалары ірі егіншілік аймағы болды. Шу, Талас, Іле өзендері алқаптарында бидай, арпа, тары өсірілді.
• 1271 жыл – Мәуереннахр билеушісі Масуд-бек ақша реформасын жүргізді.
• 1321 жыл – Кебек ханның ақша реформасы бойынша, күміс динар «кебеки» атанды.
Қазақстан аумағындағы ірі сауда орталықтары – Сарайшық, Отырар, Екіоғыз, Қоялық, Алмалық қалалары.
ХІ-ХІІ ғасырларда әдеби түркі тілі 3 вариантқа бөлінді:
• Қарлұқ-ұйғыр (шағатай тілі)
• Ұйғыр-оғыз
• Оғыз-қыпшақ
Жазу 2 жүйе негізінде қалыптасты:
- руна жазуы
- ұйғыр алфавиті
ХІІІ-ХІҮ ғасырлар – қыпшақ тіліндегі жазба әдебиеттің дамыған кезеңі.
«Кодекс куманикус» – фольклор үлгілері сақталған жинақ.
1245 жылы араб графикасымен жазылған «Треджуман түркі уа-араби» кітабында шамамен 2,5 мыңдай сөз енгізілген.
1310 жылы жазылған «Қисса Рабзиди» еңбегі аңыздер мен әңгімелерден тұрады.
КЕЙІНГІ ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
(ХҮ-ХҮІІ Ғ.Ғ)

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ

Қазақ хандығы көшпелі ақсүйектер басымдығы артқан Әбілхайыр хандығы және Моғолстанның ішкі саяси қақтығыстарының нәтижесінде құрылды.
1465-1466 жылдар – Қазақ хандығы құрылды.
Хандықтың алғашқы территориясы: Моғолстан хандығына кіретін Батыс Жетісу, Шу, Талас өңірі.
Моғолстан ханы Есен Бұға Керей мен Жәнібекке бұл жерлерді оларды өзінің ішкі және сыртқы жауларына қарсы нақты әскери күш ретінде пайдаланғысы келіп берді(інісі Жүніске, ойраттарға, Әбілхайырға және Темір ұрпақтарына қарсы).
Хандықтың алғашқы хандары – КЕРЕЙ мен ЖӘНІБЕК.
Қазақ хандығы шығысында Моғолстанмен, Оңтүстік және Батысында Темір ұрпағының мемлекеті және Әбілхайыр хандығымен шектесіп жатты. Қазақ хандығының иелігінде – Созақ, Сығанақ, Сауран қалалары болды.
ХV ғасырдың аяғында Қазақ хандығының территориясы: Батыс Жетісу, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аймағы, Сырдария, Солтүстік Аралдың төменгі ағыстары, Орталық Қазақастанның көп бөлігі.
ХVІ ғасырдың басы – Қазақ хандығы Ақ Орда мен Моғолстанның біраз бөлігін иеленді. Жошы ұрпағы Астрахань, Сибирь, Қазан хандықтарына кетті.

ҚАСЫМ ХАН САЯСАТЫ

Қазақ хандығы ең жоғары қуаттылығының ХV ғасырдың І ширегінде, Қасым хан тұсында жетті (1511-1521 жж). Қасым хандығына Ақ Орда иеліктері, көшпелі ноғайлықтар, шығыстағы түрік тайпалары, дулат, үйсін, қаңлы және Моғолстанның батысындағы тайпалар енді.

Қасым хан тұсындағы территория: Жайық өзені, Сырдария, Ұлытау, Балқаш көлі, Жетісудің бір бөлігі.
Сырдарияда берік орнығу үшін Қасым хан Орта Азиядағы жағдайды тиімді пайдаланды.

1513 жыл – Қасым хан Сайрамды алды.
1513 жыл – Бабырдың ізбасары Қаттабек шақыруымен Қасым хан онымен одақ жасасып, Ташкент билеушісі Сұлтанқожаға соғыс ашты.
Қасым хан әдет-ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп, алғаш рет заңдар жинағы “Қасым ханның қасқа жолын” шығарды.
1521 жыл – Қасым хан Сарай қаласында қайтыс болды.







ХАҚНАЗАР ХАН САЯСАТЫ

Қасым ханнан кейінгі тартыстан әлсіреп қалған хандықты қайтадан нығайтып, біріктіруге Хақназар хан Қасымның баласы (1538-1580 жж) әрекет жасады. Территориясы: Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайықтың сол жағалауы.
Деректерде Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды.
1560 жыл – моғолдар қазақ-қырғыз соғыс одағын жеңді.
Хақназар хан тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастыры дамыды. Орыс елшілері:
• 1569 жылы Семен Мальцев
• 1573 жылы Третьяк Чебуков
• 1573 жыл Қазақ хандығына жіберілген Мәскеу елшісі Көшімнің бұйрығымен өлтірілді
1580 жыл Баба сұлтанның тыншысы Хақназарды өлтіреді.

Хақназар хан саясатының маңызы:
1. Хандықтың аумағының кеңеюі.
2. Жеке дербес мемлекет ретінде танымал болуы.
3. Хан билігінің күшеюі.
4. Ішкі саяси және шаруашылық өмірдің тұрақтылығы.



ШЫҒАЙ МЕН ТӘУЕКЕЛ
ХАНДАР САЯСАТЫ

ХVІ ғасырдың соңында хан тағына Жәнібектің ұрпағы 80 жастағы Шығай отырды (1580-1582 жж).
Оның саясатының негізгі бағыты - өзбек ханы Абдаллахпен байланыста болуы.
Шығай қайтыс болған соң хан тағына Тәуекел отырады (1582-1598 жж).

1583 жылы Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан шартты бұзады.
1586 жылы – ол Түркістанды басып алып, Ташкентке қауіп төндірді.
1586-1894 жылдар – Тәуекел билікке таласқан Хақназар ұлдарымен күресіп, ақырында хандық құруға өз құқығын бекітті.
1594 жылы – Тәуекел хан Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жіберді.
1595 жыл – Мәскеуде Тәуекел ханға тілмаш В.Степанов елшілігі жіберілді.

Бұқар түбіндегі шайқаста ауыр жараланып Тәуекел хан Ташкентте қайтыс болды.






ЕСІМ ХАН САЯСАТЫ

Есім хан (1598-1628 жж) саясатының ерекшелігі:
1. Барлық қалалармен қосы Түркістан аумағы қазақ хандығына қосылды.
2. Осы кезден бастан Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың меншігінде болды.
3. Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.
4. «Есім ханның ескі жолы» атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды.
- әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті
- әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты
- ескі құқықтар, ғұрыптар мен заңдарды сақтады.

Есім хандығын астанасы – ТҮРКІСТАН қаласы.

ХVІІ ғасырда Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:
• хандық іштей бөлшектеніп, феодалдық қақтығыстар күшейді,
• үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті,
• оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады.

1628 жылы – Есім хан қайтыс болып, Ахмет Яссауи кесенесінің жанында жерленді.
Бұқар әскерлері Ташкентті тартып алды.

ЖӘҢГІР ХАН САЯСАТЫ

Сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына Жәңгір (Есімнің ұлы, 1629-1652 жж) отырды. Халық оның ерлігіне риза болып «Салқам Жәңгір» атанған.
1643 жыл – Орбұлақ шайқасында 50 мың әскермен келген Батыр қоңтайшыға 600 сарбазымен Жәңгір хан қарсы тұрып шайқасты.

Орбұлақ шайқасының маңызы:
1. Қазақ әскерлері жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті.
2. Фермопил шайқасындағы 300 спартан жауынгерлердің ерлігімен тепе-тең шайқас болды.

Ресейден зеңбіректер сатып алып қаруланған жоңғарлар 1652 жылы Қазақ жеріне қайта шабуылдап, қазақ әскерін ойсырата жеңді.

Жәңгір хан қанды майданда қайтыс болды.








ТӘУКЕ ХАН САЯСАТЫ

Тәуке хан (Жәңгірдің ұлы, 1680-1718 жж) билігінің ерекшелігі:
• хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды
• жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады
• мемлекетті құрылыстың негізгі ұстамдарын анықтайтын «Жеті жарғы» заңын жасады
• көрші елдермен достық қатынасты болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.

Тәуке ханның негізгі мақсаты – хан билігін нығайту.
Сырдария бойында Тәукенің хандық өкіметі нығайып, ТҮРКІСТАН қаласын астана етті.
ХVІІ ғ аяғы – ХVІІІ ғ басында Тәуке хан “Жеті жарғы” заңдар жинағын шығарды:
• ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді,
• құн төлеу – адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.
Тәуке хан 1686 – 1693 жылдары Сібірге бес рет елшілік жіберіп, орыс-қазақ қатынастарын дамытты.
1718 жыл – үш жүзді билеген Тәуке ханның қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
(ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ)

Хандықтың қоғамдық құрылымы.

ХҮ-ХҮІ ғасырларда қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы 7 сатыдан қаланды:
• Ауыл – туыстас, қандас адамдардан немесе бірнеше отбасынан құралған қоғамдық ұйым.
• Ата-аймақ – жеті атадан қосылатын бірнеше ауыл
• Ру – 10 немесе 15 аймақ
• Арыс – бірнеше ру. Басқарушысы – би.
• Ұлыс – бірнеше арыс. Билеушісі сұлтан.
• Жүз – бірнеше ұлыс. Билеушісі – хан.
• Хандық – үш жүз. Билеушісі қаған.

Хандық құрылымы:
Хандық

10 ірі ұлыс (әр ұлыста 10 мың отбасы)

ру, тайпалар

ауылдар

Хан кеңесінің құрамы – сұлтандар мен ру-тайпа көсемдері.


Құқық түрлері:
• Меншік құқығы – мал жайылымы мен егістік жерлерге, су қорларына меншік.
• Міндеттеме құқығы – сатып алу, қарыз алу, жалдану.
• Неке және отбасылық құқығы – қалың мал мөлшері.
• Қылмыстық құқық – ХҮ-ХҮІІ ғасырларда кек алу заңы болды.

Әлеуметтік құрылым:
Ақсүйектер – Шыңғыс хан ұрпақтары.
Асыл сүйектер – мұсылман дін басылары. Қожа рулары
Қара сүйектер – билер, байлар, батырлар.
Батырлар – қазақ жастарын бастаған қолбасшылар, әскери кәсіппен айналысушылар.
Қарапайым халықтар – үстем тап өкілдеріне алым-салықтар төлеуге және міндеткерліктер өтуге міндетті.

Алым-салық түрлері:
• Соғым, сыбаға, ерулік, зекет – малшылардан алынады
• Ұшыр, тағар, баж, хараж – егінщшілер мен қолөнершілерден алынады.





Міндеткерліктер:
• Сауын – кедейлердің байлардың малын уақытша алып, сүтін, жүнін пайдаланып, аман қайтару міндеті.
• Әскери міндет - әрбір қазақ сарбаз болып есептеліп, қажет кезде жорыққа шығу міндеті
• Күтіп-бағу міндеткерлігі – ханның ұлыстарды аралаған кезде халықтың оны және нөкерлерін күту міндеті


Шаруашылықтың дамуы
ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалады:
1. Көшпелі
2. Жартылай көшпелі
3. Отырықшы


Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:
• Көктеу – көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.
• Жайлау –жазғы көш, мамыр айының басында басталады.
• Күзеу - күзгі көш, суық басталысымен көшеді.
• Қыстау – қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауғанда көшеді.


Сауда
• ХҮ ғасырдың екінші ширегі – Ұлықбек ақша реформасын жүргізіп, теңгелер мыс динарларға ауыстырылды.
• ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында Оңтүстік Қазақстандағы ақша айналымында Темір мен Шайбани ұрпақтары шығарған мыс теңгелер пайдаланылды.
• ХҮІ ғасырдың ортасы – Қазақстан қалаларына ортаазиялық теңгелердің ағыны азайып Ташкентте, Йассыда соғылған мыс теңгелер шыға бастады.

Қалалар мен елді мекендер
• СЫҒАНАҚ – Шығыс Дешті-Қыпшақ үшін сауда орталығы, алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы, ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ Қазақ хандығының астанасы, діни орталық
• ОТЫРАР – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы, ХҮІ ғасырда Түркістандағы Шейбан әулетінің мекені
• САУРАН – ХҮІ ғасырдағы мұнаралы биік қамал қабырғалы, терең ор қазылған қорғаныс жүйесі
• САЙРАМ – мықты бекініс, ірі сауда, өнеркәсіп орталығы. Мәуреннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдарының торабына орналасқан қала.
• СОЗАҚ – ірі бекініс, сауда және өнеркәсібі бар, Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі, әскери бақылау орталығы
ХҮ-ХҮІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІ

Тіл және жазу
ХҮ ғасыр – қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілермен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.
ХҮІ-ХҮІІ ғасырдалдағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші – Қадырғали Жалайридың «Жамиғат-тауарих» шығармасы.
ХҮІ ғасырдың 40-жылдары Усман Кухистанидің «Тарих-и-Әбілхайыр хани» еңбегі жазылды.
ХҮІІ ғасыр - Әбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі» кітабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған.

Ауыз әдебиеті
Қазақ халқының ауыз әдебиеті ХҮ-ХҮІІ ғасырларда кеңінен өркендеді.
• Доспамбет жырау – шешен және батыр, Қырым, Ноғайлы, Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарда қол бастаған.
• Шалкиіз Тіленшіұлы – Едіге ұрпағынан тараған білімді жырау. Оның 30-ға жуық туындылары бізге жеткен.
• Марғасқа – Есім ханның жырауы болған, 1627 жылы Тұрсын ханның бүлігін басуға қатысқан.
• Ақтамберді Сарыұлы – жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері.


Діні
ХҮ-ХҮІІ ғасырларда ислам діні таралуына суфистік миссионерлер елеулі үлес қосты.
Ата-баба аруағын құрметтеп, көптеген әулиелер атымен қоғамның топтарын байланыстырады:
• Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатима - ана-әйелдер мен балалар қамқоршысы.
• Қорқыт Ата – қазақ бақсыларының, әнші-күйшілерінің қамқоршысы.
• Түкті Шашты Әзіз Баба – қазақ батырларының қамқоршысы.
• Диқан Баба – егіншілер қамқоршысы.

Әрбір мал түлектерінің қамқоршысы болған деп саналған:
• Шопан Ата – қойдың пірі
• Зеңгі Баба – сиырдың пірі
• Қамбар Ата – жылқының пірі
• Ойсыл Қара – түйенің пірі

Халықтың күнтізбесі
• Темірқазақ – түнде жүріс бағытын бағдарлады
• Жетіқарақшы – астрономиялық сағат, күзде түн ұзарғанда, қой күзетушілер кезектерін ауыстырады.
• Үркер – астрономиялық және метеорологиялық көрсеткіш
• Тараз жұлдызы көрінсе – таң салқындайды, егістікті жинауға дайындықты бастау.
• Сүмбіле туса – су суып, суға түсуге болмайды.
Қару-жарақтар.

Жауынгерлік тулар екі міндет атқарған:
- Қасиетті символ
- Шайқаста әскерді басқарудың тиімді құралы

Дәстүр бойынша бір ханда 9 ту болған.
Жебе – қайың ағашынан жасалатын қару. Садақтың адырнасын қойдың ішегінен жасаған.

Қылыш түрлері:
• Екі жүзді түзу қылыш – семсер
• Мықты батырлар ғана ұстайтын ауыр қылыш – алдыаспан

Найза болаттан немесе темірден жасалуына байланысты ақ найза, көк найза деп екіге бөлінген.

ХҮІІ ғасырдың аяғында Орта Азия қалаларынан сатылып алынатын мылтықтар пайдаланыла бастады.

Мылтық түрлері:
• Білтелі мылтық – білтемен атылып, күмістен әшекей салынған
• Қара мылтық - әшекейсіз
• Самқал – қысқа ұңғылы



ХҮ-ХҮІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Қазақ-орыс қатынастары деректер бойынша ХҮ ғасырдың 90-жылдарынан басталады.
Орыс билеушілерінің мақсаттары:
• Орта Азия және Шығыс елдерімен қазақ даласы арқылы өтетін сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
• Сібір ханы Көшімге қарсы күресте қазақ хандарын одақтас ету. 1573 жылы елші Чебуков Қазақ хандығына жіберілді.
1594 жыл – Тәуекел хан Мәскеуге қазақ елшілігін жіберді.
1595 жыл – Степанов бастаған орыс елшілігі Қазақ хандығына келді.
Ресейдің Батыс Сібірді өзіне қаратып, Түмен, Тобыл, Тара қалаларын салуы қазақ даласы арқылы Орта Азиямен сауданың өркендеуіне себеп болды.
Сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жоңғар шапқыншылығына тыйым салу шараларын қолданды:
• 1616 жыл – Есілде бекініс салынып, жоңғарлардың Ертіс бойымен ілгері жылжуына жол жабылды
• 1619 жыл – орыс патшасы жоңғарлардың қазақ даласына енуіне шек қойды.
Шекаралық бекініс қамалдар салынды:
• 1716 жыл – Омбы, Ямышский бекіністері
• 1717 жыл – Железинск қамалы
• 1718 жыл – Семипалатинск қамалы
• 1720 жылы- Өскемен бекінісі
СІБІР ХАНДЫҒЫ

Көшім тұсындағы Сібір хандығының территориясы: Батыс Сібір, Оңтүстік Орал өңірі, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері сағаларын алып жатқан Солтүстік Қазақстан.
Астанасы – ИСКЕР.
Халқы – Орта жүздің арғын, жалайыр, керей, қыпшақ, найман руларының көпшілігі, башқұрттардың бір бөлігі, хантылар мен мансылар.
Билеуші титулы – ХАН.
Диван (хан кеңесі) құрамы: атақтылар – кеңесшілер, қараша – уәзір, жаршылар – хан үкімін таратушылар.
Сібір хандығы табиғи байлығымен әйгілі болды. Байлыққа құныққан Ресей Сібірді жаулап алуға ұмтылды.
• 1574-1575 жылдар – И.Грозный Сібірге А.Личеницын басқарған отряд жіберді, бірақ орыс әскері жеңілді.
• 1582 жылғы 1-қыркүйек – атаман Ермак 540 қазақ пен Строгановтардың 50 қызметкерін алып, 30 кемемен Сібірге аттанды.
Шешуші шайқас 23-26 қазанда болып, 10-15 мың адамдық Көшім әскері атаман Ермактан жеңілді.
• 1584 жыл – Ермак Көшімнің құрған торынан қаза болды.
• 1598 жыл – Көшім біржола жеңіліп, Зайсан өңіріне қашады.
• 1598 жыл – Сібір хандығы Ресей құрамына енді.


ХҮІІІ-ХІХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

Қазақ өлкесінің ХҮІІІ ғасырдағы саяси-экономикалық дамуы
Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақ феодалдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты:
• Солтүстік-батыстан – башқұрттар
• Солтүстіктен – Сібір казактары
• Оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтары
• Оңтүстік-шығыстан – Қытай
• Шығыстан – Жоңғария
Қазақ жеріне қауіп төндіргені – Жоңғар мемлекеті
1725 жыл – жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады.
1726 жыл – «Қалмақ қырылған» щайқасы. Сарысудың орта ағысы, Бұланты өзенінің жағасындағы «Қара сиыр» деген жерде қалмақтар талқандалды.
Тарихи маңызы:
• Қазақ халқының әскери, моральдық рухы көтерілді
• Қазақ өлкесінің солтүстік-батысы азат етілді
• Елдің тәуелсіздігін қалпына келтіру мақсатына ұмтылды
1729 жылғы көктем – Аңырақай шайқасы (Балқаш көлінің оңтүстігі): Әбілхайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді.
Тарихи маңызы:
• Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді
• Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді
• Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті
КІШІ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ

Әбілхайыр ханның Ресей империясын қолдауының мақсаты:
1. Қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жеріне шабуылдауын тоқтату
2. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу
3. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау
4. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру

1730 жыл – Кіші жүз билері Әбілхайырға Жоңғарияға қарсы күресу үшін Ресеймен әскери одақ құруды тапсырды.
1731 жылғы 10 қазан – Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді(кей деректерде 29 старшын).
1733-34 жылдар – Оңтүстік Қазақстанның ықпалды билері мен сұлтандары Ресей құрамына кіруге тілек білдірді.
1734 жылы 10 маусым – императрица Анна Иоанновна Ұлы жүзді Ресей құрамына қабылдауға келісімі жөнінде жарлық шығарды.





ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ

ХҮІІІ ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең.
• 1740 жылы – Иран әміршісі Нәдіршах Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті
• 1741-1742 жылдар – қоңтайшы Галдан Цэрен Орта жүз бен Кіші жүзге екі «ақтабан шұбырынды» жорықтар жасады.
• 1742 жыл – Абылай сұлтан жоңғар түтқынына түсіп, 1743 жылы қиыншылықпен босады.
• 1742 жылы 20 мамырда – Ресей Сенаты қазақтарды жеке шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды
• 1747 жылы Хиуа тағына Батыр сұлтанның баласы Қайыптың отыруы қазақ ханының бұл өңірдегі әсерін әлсіретті
• 1748 жылы Ор бекінісі маңында Әбілхайыр мен Ресей дипломаттары кездесіп, екі арадағы салқындықты жойғандай болды

• 1748 жыл - Әбілхайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.





ХҮІІІ ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ

Кіші жүзде Әбілхайырдың қазасынан кейін екі хандық орнады.
• Оңтүстік-шығыс бөлігінде – Батыр сұлтан
• Солтүстік-батыс бөлігінде – Нұралы хан

1745 жыл – жоңғар қоңтайшысы Галдан-Цэреннің қайтыс болуына байланысты таққа талас басталып, Орталық Азиядағы саяси жағдай шиеленісіп кетті.
1755 жыл – башқұрт халқы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске шықты
1755 жылы – жоңғар тағына талас нәтижесінде қалмақ хандығы әлсіреді.
1756 жылғы наурыз – Маньчжур-Қытай әскері Іле өзенін бойлай Қазақ хандығының шекарасына жақындады.
1757 жылғы маусым – қолбасшылар Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскері Қазақ еліне басып кірді.
1758 жыл – Жоңғария толық талқандалды.
Салдары:
• Халқының оннан төрт бөлігі аурудан, қайыршылықтан қырылды.
• Халқының оннан екі бөлігі қаза тапты.
• Халқының бір бөлігі қазақ жері арқылы Еділ бойындағы қалмақтарға қашты.
1758 жыл – Жоңғария дербес мемлекеті жойылып, орнына 1761 жылы империялық әкімшілік бірлестік Шыңжан құрылды.
ПАТШАЛЫ РЕСЕЙДІҢ ОТАРШЫЛ САЯСАТЫ

Ресей билеушілерінің көздеген мақсаты:
- шұрайлы, суы мол жерлерден қазақтарды ығыстыру;
- жерсіз казак-орыстарды осы аймақтарға орналастыру.

Петербург билеушілерінің арнайы нұсқаулары жарияланды:
• 1756 жылғы 2 қыркүйек – Жайық жағасына жақын жерлерде қазақтарға мал жаюға алғаш рет шек қойылды.
• 1757 жылғы 27 желтоқсан - Кіші жүз ханы Нұралыға қазақтарға Жайықтан мал айдап өтуге тыйым салынатындығы жөнінде шешім тапсырылды
• Ертіс пен Жайық жағаларына мал жаю үшін қазақ феодалдарының орыс әкімшілігіне аманат тапсыруы міндеттелді.
1757-1758 жылдары П.И.Рычков пен Л.И.Тевкелев 1756 жылғы үкімет шешімін ресми түрде іске асырудың орынсыз екенін түсінді.
1799 жылғы 21 қараша – император Павел І жарлығымен Орта жүз қазақтары Ертістің оң жағасына мал жаюға қайтадан қоныстануға рұқсат етілді.


АБЫЛАЙ ХАНДЫҒЫ

Абылай (Әбілмансұр, Сабалақ, 1711-1781 ж.ж) – қазақ хандығының бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына өзгерістер енгізген мемлекеттік қайраткер.
1740 жылғы 28 тамыз - Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп Ресей билігін мойындады.
Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер:
1. Қазақ ақсүйектерін біріктіру
2. Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру
3. Жоңғарияны шабуылдау
Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару.
1753 жыл – Абылай сұлтан ірі қолды басқарып, Жоңғарияға шабуыл жасады.
1771 жылы – Орта жүз ханы Әбілмәмбет қайтыс болып, дәстүр бойынша ақсүйектер ханы ұлы Әбілпайызды емес, Абылайды хан сайлайды.
Абылай хан билігіне және шаруашылыққа өзгерістер енгізді:
- Хан билігін шектеусіз етті
- Билер қызметіне шек қойды
- Ертіс, Есіл бойы, Көкшетау, Тарбағатай өңіріне егін шаруашылығын енгізді
Абылай хан 1781 жылы дүние салды.
Оның бас мирасқоры – Уәли сұлтанды Ресей мемлекеті Орта жүз ханы ретінде танығанымен, ол мемлекет басқаруға қабілетсіз болды.

ХҮІІІ ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР

Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы

Еділ мен Жайық бойындағы Е.Пугачев басқарған.
1773-1775 жылғы шаруалар соғысына орыс, башқұрт, татар, Орта және Кіші жүз қазақтары қатысты.
1773 жылғы 20 қыркүйек – Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады: жер мен суды қазақтарға қайтаруға уәде беріп, қазақтарды өзіне тарту мақсатын ұстанды.
1773 жылы қарашаның 17-нен 18-не қараған түні – Нұралының өкілі Зәбір молда Усиха өзені маңында Пугачевке жолықты
1773 жылдың қарашасында Пугачевтің манифесіне арқа сүйеген қазақтар Жайықтың оң жағына өтіп, малдарын жайды.
1773 жылғы қазан – көтерілісшілер Пресногорьковск бекінісіне, Троицк, Гагарьевск редугаттарына шабуылдады.
1774 жылғы жаз – Звериноголовск бекінісі төңірегінде Пугачев тығылып жүр деген лақап тарады.
1774 жылғы күзде Сібір шептеріне шабуылдаған қазақтар патша әскерінің қысымымен Сырдария бойына ығысты.
1775 жыл – Пугачев көтерілісі әлсіреп, Кіші жүзде патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы қозғалыстың ірі ошағы қалыптасты.
1773-1775 жылғы көтерілістің тарихи маңызы:
• Орыс және қазақ шаруаларын біріктірді
• С.Датұлы бастаған көтерілістің шығуын тездетті.
Көтерілістің нәтижесі:
1775 жылғы 7 қараша – сыртқы істер коллегиясының жарлығы бойынша қысқы уақытта Жайық, Еділ, Каспий теңізі, Ертіс пен Жайықтың оң жағалауы, Ембі, Сағыз өзендері бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етілді.


СЫРЫМ ДАТҰЛЫ БАСТАҒАН КІШІ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ КӨТЕРІЛІСІ
(1783-1797 ж.ж)

Көтерілістің алғы шарттары:
1782-1783 жылдары жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдалануы
1782 жылғы 27 желтоқсан – патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді.
Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер.
Көтеріліс басшысы – Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742-1802 ж.ж).
• 1778 жыл – Орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.
• 1783 жылдың күзі – батырдың Орал казак әскерімен ашық түрдн кең арпалыс жолына түсуі басталды.
• 1783 жылғы желтоқсан – Сырымды Оралдық казактар тұтқынға алды.
• 1784 жылы – Нұралы хан Сырымды тұтқыннан босатты
• 1784 жылғы маусым – Сырымның казак әскерімен кескілескен күрес басталды
• 1784 жылғы қараша – Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жеткен.
• 1785 жылғы 17 ақпан – көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберіледі.
• 1785 жылы Кіші жүз старшындарының съезі
Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады.
Кіші жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:
- Байұлы
- Жетіру
- Әлімұлы
Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды.
1792 жыл – Сырым Ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.
1797 жылғы 17 наурыз – Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.
1797 жылғы күз – полковник Скворник тобы Сырымды қудалаудан бастады.
1797 жыл – Қаратайдың қуғанынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті.
1802 жыл – Хиуада қайтыс болды.
Жеңілу себептері:
- Қазақ феодалдары мен старшындық топтра арасындағы алауыздық
- Руаралық қайшылықтар
- Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы
- Қару-жарақтардың аздығы
- Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі
Тарихи маңызы:
• Еділдің шығысындағы ірі халықтық қозғалыс
• Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді
• Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді
• Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды
Көтерілістің нәтижесі:
1801 жылы патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.


КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС
(1837-1847 Ж.Ж)
ХІХ ғасырдың 30-40-шы жылдарын қамтыған ең ірі халықтық сипаты бар көтеріліс басшысы – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802-1847 ж.ж).

Көтерілістің мақсаты:
• Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау
• Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату
• Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету

1837 жылғы қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.
1838 жылғы 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1841 жылғы тамыз – Кенесары хандық билікті иеленіп, феодалдық мемлекет құрды.
1841 жыл – Кенесары қолы Ташкентте аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды.
Патша үкіметі көтеріліске қарсы шаралар ұйымдастыра бастады.
• 1842 жыл – Орынбор генерал-губернаторы Обручев әскері жіберілді.
• 1842 жыл – Сібірден Сотников әскері жіберілді
• 1843 жылғы 27 маусым – І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді.

• 1843 жылғы тамыз – сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.

1847 жылғы сәуір – Кенесары 10 мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді.
1847 жыл – Майтөбе шайқасында Кенесары 32 сұлтанмен қаза тапты.

Жеңілу себептері:
- Қазақ халқының рулық-патриархалдық жіктелуі
- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталқтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы
- Руаралық қайшылықтар
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі
- Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып күшін сарқыған Кенесары тобының Ресейге қарсы біріге алмауы

Тарихи маңызы
• Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс
• ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі
• Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті


1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ІШКІ ОРДАДАҒЫ (БӨКЕЙ) ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ

Кіші территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейін (850000 шақырым
• 1801 жылғы 11 наурыз – император І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей хандығы (Ішкі орда) құрылды. Бөкей алғашқы елін сұлтандық дәрежеде басқарды, 1812 жылдан хан атанды.
Жәңгір хан (1823-1845 жж) Орданы басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізді:
• Патша үкіметі қаражатымен 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайы салынды;
• 1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды
• 12 старшындық топ құрылып, баж салығының жиналуын қадағалады
• Көшпенділер отырықшылықтандыруға, сауданың дамуына, мектептер ашуға көңіл бөлді

Көтерілістің себептері:
• Ақшалай салықтың өсуі
• Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтаждығына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі
• Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу
• Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы

Көтерілістің негізгі қозғаушы күші: шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты
Көтерілістің басшылары: Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы

Көтерілістің мақсаты:
• Хан озбырлығына шек қою
• Шаруалар жағдайын жақсарту
• Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту
- 1836 жылғы 17 наурыз – Жәңгір Қарауылқожаға көтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.
- 1837 жылғы 30 наурыз – Шекаралық комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.
- 1837 жылғы 15 қазан – Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Балқы бидің ауылын ойрандады.
- 1837 жылғы 15 қарашада – Тастөбе шайқасында 3000-3500 адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінің қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты.
- 1837 жылы 13 желтоқсан – батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылардың торын бұзып, жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті

Тастөбе жеңілісінің салдары:
• Көтерілісшілер қатары сиреді
• Исатай жанында ондаған серіктері ғана қалды
• Қазақ шаруалары өз ауылдарына тарап кетті.
Исатайдың ендігі мақсаты:
• Кіші ордаға қайта оралып, Жәңгір тобына күтпеген жерден соққы беру
• Көтерілісті бүкіл Ішкі Ордаға тарату
• Нарын құмында бекініп, Жәңгірден кек алу
• Орыс помещиктері басып алған жерледі шаруаларға қайтарып беру

1838 жылғы 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды:
- Айшуақұлы жасақтары
- Казактар тобы

1838 жылғы 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады.
Көтерілістен кейінгі ауыр жағдайлар 1842 жылғы жаңа қозғалыстың басталуын туғызды.
Көтерілістің жетекшілері – Ноғай руынан Аббас Қошайұлы және Масқар руынан Лаубай Мантайұлы.

Көтерілістің талаптары:
- Хан мен сұлтандарға бағынбау
- Алым-салықты төлемеу
- Жер тапшылығын шешу
- Жайықтан Кіші жүзге өтуге рұқсат алу

Көтерілістің жеңілу себептері:
- Үстем тап өкілдерінің опасыздығы
- Көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы
- Қару-жарақтың теңсіздігі
- Стихиялылығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі

Тарихи маңызы:
• ХІХ ғасырдың 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс
• Отаршылдыққа қарсы бюағытталды
• Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 50 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ОТАРШЫЛДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
Сыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығуының себептері:
- Әскери күшпен салық жинауы
- Бекіністер салуға Арал қазақтарының күштеп қатыстыруы

• 1843 жыл – Жанқожа Нұрмағанұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақ қоқандықтарының Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.
• 1845 жылғы көктем – Жанқожа хиуалық 2000 әскерді жойып жіберді
• 1853 жыл – орыс әскерлері Ақмешітті алып, Сырдария әскери шебін құрды.
• 1857 жылғы 9 қаңтар – Арықбалық деген жердегі шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.

Жеңілу себептері:
• Күрестің стихиялылығы
• Ұйымдастырудың әлсіздігі
• Феодалдардың опасыздығы

Тарихи маңызы:
• Қазақ қырғыз халықтарының біріккен қозғалысы
• Оңтүстік Қазақстандағы Қоқан тепкісінен босатылып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.


ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақ елінің әлеуметтік экономикалық және саяси жағдайы

1. Шаруашылықтағы өзгеріс:
• ХІХ ғасырдың бірінші жартысы – жергілікті өнеркәсіппен кәсіпшілік саласы пайда болды.
• ХІХ ғасырдың бірінші жартысы – Қазақ елінің Орта Азия халықтарымен, Сібірмен, Цинь империясымен сауда байланыстарын кеңейте түскен кезең
• 1803 жылғы 19 мамыр-керуендер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ресей үкіметі көпестерге қарулы топ ұстауына рұқсат берді.

2. Хандық биліктің жойылуы:
• 1822 жылы – «Сібір қырғыздарының жарғысы» шығып, Орта жүздегі биліктің жаңа түрін енгізді. Авторы: Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский, көмекшісі – Г.С.Батеньков

Жарғының басты мақсаты:
• Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту
• Рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету







Орта жүздің әкімшілік құрылымы:

Округ (15-20 болыс), басқарушысы – округтік приказ және аға сұлтан.

Болыс (10-12 ауыл), басқарушысы – болыс сұлтаны

Ауыл (50-70 шаңырақ), басқарушысы -ауыл старшыны

Батыс Сібір генерал-губернаторлығының басқару орталығы – ТОБОЛЬСК (1839 жылғы дейін), ОМБЫ (1838 жылдан бастап)

Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамы: Тобольск, Томск, Омбы, Сібір қырғыздарының облысы.


• 1822 жыл – Орта жүзде хандық билікті жойды


Сібір қырғыздарының жарғысы байынша сот ісі 3-ке бөлінді:
• Қылмыстық істер
• Талап ету
• Шағым айту

Әкімшілік – саяси реформаның салдары:
- Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара қарулы қырқыстарға соққы берді
- Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады
- Ресейдің отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты
- Хандық билікті жойды
1812 ЖЫЛҒЫ СОҒЫСҚА ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАТЫСУЫ

• 1812 жылғы 6 шілде – Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқандығы туралы үндеу қабылданды
• 1812 жылғы қазан, қараша – Орынбор губернаторының соғыс басталғандығы туралы манифесі қазақ ауылдарына жетті.

Тарихи маңызы:
• Қазақ –орыс халықтарының әскери бауырластығын нығайтты
• 1812 жылғы соғыста Ресей үкіметінің Францияны жеңуіне қазақ жігітттерінің қосқан үлесі мол болды

Қазақстандағы саяси жер аударылғандар:
Желтоқсаншылар көтерілісінің жеңілісі салдарынан жауапқа тартылған 579 адамның 108-і Сібірге, Ертіс бекіністеріне, Орынбор шебіне айдалды.

Сауда-экономикалық байланыстар:
ХІХ ғасырдың басындағы маңызды сауда орталықтары:
• Шыңжан мен Қазақ елі аралығында – Бұқтырма, Коряков, Өскемен(Павлодар) бекіністері
• Орта Азия хандықтары мен Қазақ елі аралығында – Семей, Петропавл бекіністері
Тарихи маңызы:
• Орыс-қазақ сауда қатынастарының кеңеюі Орталық Азиядағы халықаралық жағдайға жағымды әсер етті
• Қазақ елінің екі ірі мемлекет аралығындағы стратегиялық орны қалыптасып, болашақта керуен саудасының дамуына негіз қаланды.
ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ТҮГЕЛДЕЙ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЕНУІ

ҰЛЫ ЖҮЗДІҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫ

• 1817 жыл – сұлтан Сүйік Абылайханұлы қарамағындағы Жалайыр руының 66 мың адамы қоныстанған территория Ресей құрамына алынды.
• 1825 жыл – Жетісудың 50 мыңдық адамдық Үйсін болысындағылар өз жерлерінде Ресейлік округті ашуға келісім берді.
• 1825 жылы Қаратал өзені, 1846 жылы Қызылағаш өзені бойында орыс топтарының келуі.
• 1847 жылы Қапал бекінісінің салынуы
• 1848 жылғы 10 қаңтар – Ұлы жүзде Ресейлік пристав тағайындалып, резиденциясы Қапалда болды.
• 1853 жыл – Ұлы жүз приставы маңында Перемышельский тобы Талас өзенінің Ілеге құяр жерінде Іле бекінісін тұрғызды.
• 1854 жылғы көктем – Алматы қонысының орнына Верный бекінісі салынды.
• 1855 жылғы жаз – Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.



ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕСЕЙГЕ ҚОСЫЛУЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
• 1859 жыл – Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресей тірегі болып Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды.
• 1860 жылғы 19-21 қазан – Алатау округінің билеушісі Ұзынағаш шайқасында қоқандықтарды жеңді.
• 1862 жылғы қазан – Пішпектің екінші рет алынуы Қоқан билігіне қарсы қазақ, қырғыздардың қарсылығын ұлғайтты
• 1863 жыл – Ресей құрамына 4 мың шаңырақ Қоңырат, 5 мың шаңырақ Бестаңбалы рулары кірді.
• 1864 жылғы көктем – Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алды.
• 1864 жылғы 22 қыркүйек – Түркістан жағынан Черняев тобы, Әулиеата жағынан Ларке тобы шабуылдап Шымкент алынды.
• 1865 жылғы шілде – Ташкентті үш күндік шайқастан кейін алды.
• 1866 жыл – Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді.
• 1868 жылғы қаңтар – Қоқан хандығына тәуелді қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығын бағындырды.
• 1873 жыл – Хиуа хандығының жеңілістері Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.
Қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі ХҮІІІ ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылды.



ХІХ ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА КАПИТАЛИСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫ

1867-1868 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕФОРМАЛАР

ХІХ ғасырдың 60 жылдары – қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін Бутков басқарған комиссия құрылды.
Қазақ даласын екі облысқа бөлу жоспарланды:
• Батыс облысы, орталығы – Торғай
• Шығыс облысы, орталығы – Сергиополь немесе Қарқаралы
Бұл ұсыныс қабылданбады.

• 1865 жыл – Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясы құрылды.
• 1865 жылғы 5 маусым – ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды.
• 1867 жылғы 11 шілде – «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже» бекітілді
• 1868 жылғы 21 қазан – «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы ереже» бекітілді.







Әкімшіліктің басқару құрамы:

Генерал-губернаторлық


Орынбор Батыс Сібір Түркістан
(Орынбор, (Ақмола, (Жетісу,
Торғай обл) Семей обл) Сырдария обл)


Облыстар (әскери-атаман) губернатор

Уездер

Болыстар

Ауылдар

Шаңырақтар (100-200)

Облыстар уездерге бөлінді:
• Сырдария облысы – Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жизақ
• Батыс Қазақстан облысы – Орал, Атырау, Калмыков, Жем
• Торғай облысы – Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай
• Ақмола облысы – Көкшетау, Омбы, Петропавл, 1869 жылы – Сарысу
• Семей облысы – Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы, кейін Павлодар, Өскемен
• Жетісу облысы – Сергиополь, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ

Әкімшілік басқару әскери сипатта болды:
- облыс басқарушысы әскери және азаматтық билікті қатар жүргізді;
- болыс басқарушысы полицейлік және тәртіп орнататын билікті иеленді.

Сот ісін басқару құрылымы:

Әскери - сот комиссиалары

Уездік соттар

Билер мен қазылар соты

Реформалардың салдары:
• өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты
• феодалдық-патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады
• таптық жіктелу салдарынан жатақтар қалыптаса бастады
• отарлық басқару, билік күшейді.
1867-1868 жылдардағы реформалар 2 жылға уақытша енгізілгенімен, бұл «тәжірибе» 20 жылға созылды.

ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ

1868 жылдың желтоқсаны мен 1869 жылдың қазан аралығы – Орал мен Торғайдағы көтеріліс отаршылдыққа қарсы және антифеодалдық сипатта болды. Көтеріліс жетекшілері – Сейіл Түркібайұлы және Беркін Оспанұлы.
1869 жылғы 6 мамыр – Жамансай көлі маңында 20 мың көтерілісші фон Штемпель тобын 7 күн бойы қоршап, жазалаушылар шайқаспай әскери шепке қайтып кетті.
1869 жылғы наурыз-маусым – 30 мың шаруа феодалдарға қарсы 41 рет шабуылдады. Ақсүйектер опасыздығынан көтеріліс талқандалды.
1870 жыл – Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.
1870 жылғы 5 сәуір – көтерілісшілер Александровск фортына шабуылдады.
1870 жылғы мамыр – Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп, көтеріліс талқандалды.
1870 жылғы желтоқсан – И.Тіленбайұлы, Д.Тәжіұлы, И.Көлұлы бастаған 3 мың шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.

Тарихи маңызы:
• Тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы
• ХІХ ғ 70-80 жылдарындағы Рессейдегі азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі


КАПИТАЛИСТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМИ БАСТАУЫ
ХІХ ғ. 60 жылдарының ортасы Рессейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоныс аударту басталды.
ХІХ ғ. 70-80 жылдарынан жаппай қоныстану жүзеге асырылды.
1868 жыл – Жетісу губерниясында Г.А.Колпаковский басшылығымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» уақытша ереже қабылданды.
1883 жыл – Жетісуға Шығыс Түркістаннан қоныс аударған ұйғыр мен дүнгендерді орналастыру жөнінде жаңа ереже бекітілді.
1891 жылғы 25 наурыз – «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал,Торғай облыстарын басқару ережесі» бекітілді.
ХІХ ғ соңғы ширегінде Қазақ жерінде өнеркәсіп өндірісі қалыптасты.
- ХІХ ғ 70-80 жылдарынан бастап кедейленген көшпелілер тау-кен орындарына, кәсіпорындарға келіп жалданып-жатақтар қалыптаса бастады.
- ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ басында 300-400 жұмысшылары бар ірі кәсіпорын орындары жұмыс істеді.
- Қазақ өлкесіне шетелдік капитал ене бастады. Спасск-Успенск, Атбасар, Қарағанды, Екібастұз.
- Банк-кредит ұйымдары ашылды. Кредитті мекемелер ең көп аймақ Ақмола облысы.
- Сауда өркендеп жәрмеңкелер көбейді. Ірі жәрмеңкелердің бірі – Қарқара уезінде 1848 жылы ашылған Талдықоянды жәрмеңкесі.
- ХІХ ғ соңы ХХ ғ басында 19 жаңа қала пайда болып, Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны 20 жетті.
- ХІХ ғ 90 жылдарынан бастап кен орындарында балалар еңбегі кеңінен пайдаланылды.

ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ӨЛКЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК, ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Әлеуметтік-экономикалық жағдай.

ХХ ғ басынды Қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан Сырдария облысы
генерал-губернаторлығы Жетісу облысы

Орталығы – ТАШКЕНТ
Ақмола облысы
Дала генерал- Семей облысы
губернаторлығы Орал облысы
Торғай облысы
Орталығы – ОМБЫ
Халқы 4148,8 мың адам, 81,1% қазақтар (1897 ж)
5910 мың адам, 65,1% қазақтар (1914 ж)

ХХ ғ басында өлке шаруашылығында біраз өзгерістер қалыптасты:
• 1893-1895 жж - Сібір темір жолы салынып, оның 178 шақырымы қазақ жерін басып өтті.
• 1893-1897 жж – Рязань-Орал темір жолы салынып, оның 194 шақырымы қазақ өлкесінен батыс арқылы өтті.
• 1899-1905 жж – Орынбор-Ташкент темір жолы салынып, 1906 жылы қаңтарда іске қосылды.

ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ КЕЗЕҢІНДЕ
Соғыстың басталуы
1940 жылғы 18 желтоқсан – фашистік Германия басшылығы «Барбароса» соғыс жоспарын жасады. Мақсаты:
- КСРО-ға қарсы соғыс ашу
- «Қауырт соғыс» идеясы бойынша 1941 жылдың күзінде аяқтау.
- КСРО территориясын жаулап алып, бірнеще рейхкоммиссариат құру:
1. Остланд-Беларусь пен Балтық жағалауы
2. Украина
3. Московия-Ресей жері
4. Еділ-Орал
5. Кавказ
6. Гросс Түркістан(Үлкен Түркістан)
7. Қарағанды, Новосибирск, Кузнецк индустриялық облыстары.
Фашистік Германияның қуыршақ мемлекет құрудағы көздеген экономикалық және саяси мақсаттары:
- Ұлы герман империясын құру үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын жасау
- Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа түсіру
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді.
Армия қатарына 1 млн. 196164 қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды.
Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авация училищесі түлегі – И.Н.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды.

ЭКОНОМИКАНЫ СОҒЫСҚА БЕЙІМДЕП ҚАЙТА ҚҰРУ
Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды):
- Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
- Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
• Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт мен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.
• Көшірілген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды: Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе.
Қазақстан – КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасы.
• 1942 ж. 21 тамыз – кеншілер еңбегіне үдемелі-кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
• 1942 ж . 24 тамыз – Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қаулысы шықты.
• 1943 ж забойлар желісі көбейіп, жер астында Екінші Қарағанды пайда болды.

Соғыс жылдары салынған құрылыстар: Мақат-Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі, Пешной аралы - Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты.
Қазақстан майдан арсеналына айналып, майданда тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.
ТЫЛ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ ЕРЛІГІ
Қатал соғыс жағдайында жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың, зиялылардың еңбек және шығармашылық белсенділігі артты.
• Мыңдықшылар қозғалыстың бастаушысы-көп забойлы және көп қабатты азот бұрғылау әдісін республикада алғашқы қолданған бұрғышы Георгий Хайдин

Ауылшаруашылық еңбекшілері патриоттық қозғалыстың бастаушылары болды:
• Ақтөбе облысы «Құрман» колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев–тарының гектарынан 201 ц. өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасаушы (1943 ж)
• Қызылорда облысы «Авангард» колхозының жетекшісі Ы.Жақаев–күріштің гектарынан 260 пұт жинап, рекорд жасады
• Қаскелең ауданы ІІІ Интернационал колхозының звено жетекшісі М.Мұхамедиева–қызылшаның гектарынан 600 ц. өнім жинаушы
• Павлодар звено жетекшісі А.Дацкова–тарының гектарынан 52 ц. өнім жинаушы
• Жезқазған ауданы Амангелді колхозының шопаны Ж.Мұқашев – жыл сайын 100 қойдан 180-ге дейін қозы алып, мал басын көбейтуші
• Жамбыл облысы, Талас өңірінің қызылшашысы–М.С.Демченко – қант қызылшасын өңдеу әдістерін жетілдіруші.

Соғыс жылдарында еңбек ерлері – Ким Ман Сан, Б.Сомжүрекова, С.Оңғарбаева, П.А.Ангелина, И.Я.Кудлай, А.Х.Жеребцов, Р.И.Нежибовский, В.П.Кривич, Н.Алпысбаева, М.Сатыбалдина, т.б.

МӘСКЕУ ШАЙҚАСЫ.
(1941 жыл 30 қыркүйек – 1941 жыл 6 желтоқсан)

Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы жау шабуылын алғашқы қарсы алды. Брест қамалының қорғаушылары 1941 ж 22 маусымынан 1 айдан астам уақыт жауға төтеп тұрды. Тирасполь мұнарасы маңында лейтенант А.Наганов взводының жауынгерлері шайқасты. Қамалды қорғаушы қазақстандықтар: В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, К.Әбдірахманов, Қ.Иманқұлов, Ғ.Жұматов, Ш.Шолтыров, т.б. Брест қамалына 1965 жылы Батыр-қамал атағы берілді.

Қазақстандық ерлік көрсеткендер: 219-атқыштар полкі, Е.П.Рыков, соғыс тарихында алғаш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған – танк әскерлерінің генерал майоры К.А.Семенченко, Қара теңіз флотының контр-адмиралы Л.А.Владимирский, генерал-майор И.В.Панфилов және полк комиссары А.С. Егоров қолбасшылық еткен 316-атқыштар дивизиясы, 1075 атқыштар полкінің 28 танк жоюшы тобы, дивизия командирі генерал И.В.Панфилов П.Б.Вихрев, И.В.Карпов қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға лейтенант Б.Момышұлы қолбасшылық еткен батальон.

Мәскеу шайқасының тарихи маңызы:
- «Блицкриг» сәтсіздікке ұшырады
- Гитлерлік армияның жеңілмейтіндігі туралы аңыз күйреді
- Кеңес армиясы стратегиялық бастаманы қолға алып, түбегейлі бетбұрыс басталды.






ЛЕНИНГРАД ШАЙҚАСЫ
(1941ж. – 1943ж. Қаңтар)

Қазақстан әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 310- атқыштар дивизиясы және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, «өмір жолын» салуға қатысты.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: С.Баймағанбетов, 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров, 48-атқыштар дивизиясының мергені Д.Шыныбеков, 314-дивизия мергендер қозғалысын бастаған жауынгер – Г.П.Зубков, дивизион командирі С.Жылқышиев, А.Ахметов, т.б.

• 1943 жылғы қаңтар – 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды.
• 1944 жылы - Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.

Ленинград шайқасының тарихи маңызы:
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі









СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫ
(1942ж. шілде – 1943ж. ақпан)

1942 жылдың 17 шілдесінде Сталинград түбндегі кескілескен ұрыс басталды.
Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандық әскери қүрамалар: 27, 72, 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы, 74-теңіз атқыштар бригадасы, 152-атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі, 156-жеке көпір құрылыс батальоны.
Сталинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар: М.А.Баскаков, ұшқыш Нүркен Әбдіров, Жамбылдың ұлы Алғадай Жабаев, Полковник Ғани Сафиуллин, жауынгер Толыбай Мырзаев, жауынгер Қасым Аманжолов, минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин (бұларға кейін Батыр атағы берілген), подполковник Т.С.Позолотип басқарған 17-гвардиялық танк полкі.

1943 жылы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. Жерге қуылды.

Сталинград шайқасының тарихи маңызы:
1. Екінші дүниежүзілік соғыстағы түбегейлі бетбұрысқа шешуші үлес қосты
2. Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.
3. Гитлерлік Германияның жеңілісі айқындалды.