Билеты по казахскому языку (1- 25)

Экзаменационные билеты по предмету «Языкознание»
Информация о работе
  • Тема: Билеты по казахскому языку (1- 25)
  • Количество скачиваний: 59
  • Тип: Экзаменационные билеты
  • Предмет: Языкознание
  • Количество страниц: 12
  • Язык работы: қазақ (Казахский)
  • Дата загрузки: 2014-12-22 19:47:56
  • Размер файла: 72.35 кб
Помогла работа? Поделись ссылкой
Информация о документе

Документ предоставляется как есть, мы не несем ответственности, за правильность представленной в нём информации. Используя информацию для подготовки своей работы необходимо помнить, что текст работы может быть устаревшим, работа может не пройти проверку на заимствования.

Если Вы являетесь автором текста представленного на данной странице и не хотите чтобы он был размешён на нашем сайте напишите об этом перейдя по ссылке: «Правообладателям»

Можно ли скачать документ с работой

Да, скачать документ можно бесплатно, без регистрации перейдя по ссылке:

Билет №1
1) “Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.
2) Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арықсөйлеп, семіз шық (мақал).

Билет №2
1) Сәлемдесу дегеніміз достық пейіл мен кұрмет бідіру әрекеті. Әрбір күн немесе әңгіме сәлемдсуден басталады. Ең алдымен, амандасататың көзіне қарау керек. Жас адамдар жасы үлкен, құрметті адамдарға амандасқанда иіледі.
Сәлемдескенде сөзді анық, айқын айту керек. Әдетте, кіші адам жасы үлкенмен, еркек әйелмен, бала ересекпен бірінші болып сәлемдеседі.
2) Етістік- заттың қимылын, іс-әрекетін, күй-жайын білдіретін сөзтабы. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап береді. Мысалы: ойласаң, ойна, көріп, келген. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Билет №3
1) Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, тұған-туысқандарына дегенсүйіспеншіліктен басталады. Туыстық жүйенің ең негіз, бел ортасы отбасы саналады. Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол; ата, әке, бала. Аталар мен әжелер-ауыл аймақ, ағайынарасыныңберекес, ақылшысы.
2) Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз.


Билет №4
1) «Әдепті дегенше, әдемі десейші». Үлкен-кіші болсын, әдеп сақтауөхалықтық тәлім-тәрбиенің үлгілі, Ұлтымыздың үлкеннің кіші алдындағы, еркектіңәйел алдындағы әдеп сақтаудыңтамаша үлгілері өте көп. Мысалы, үлкеннің жолын кеспеу, бұрын сөлемеу, халық ортасындағы инабатсәлем беру, сәлем алу жолы, тағы сол сияқтыадамгершілік, сыйлау, сыйласу халқымыздың ертеден келе жатқан әдебі әрі ғұрпы. Әдептілік ө әр адамның бетөбейнесі.
2) Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов)), себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).
Билет №5
2) Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Билет №6
1) Біздің мектебімізде асхана болады. Анда оқушылар және мұғалімдер түстік ішеді. Ол бірінші қабатта пейілді. Асханада ашық және кіршік. Үстелдер қатарға деген тұрады. Соң бір үстелмен бір неше оқушылар отырады.Соңында үш сабақтың біз жорықты асханаға күту бастаймыз. Сияқты қоңырау болды, біз ша бірінші қабатқа барамыз, дәмді тамақ ішеу. Біз асханаға деген соғамыз және үшін үстелді отырамыз. Кейін тоқ астың бізге уже ештеме орындықтардан деген тұру енжарлан-.Маған асханада өте ұнайды. Себебі анда дәмді асырайды.
2) Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндаушты тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемдібағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемдібасыңқы сөйлем дейді.
Сабақтас сөйлемнің сызбасы: бағыныңқы, басыңқы
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:
Түрі Ереже Сұрағы
Шартты бағыныңқы Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді. Қайтсе? Не етсе? Не еткенде?
Қарсылықтыбағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама қарсы болып келеді Қайтсе де? Не ете тұра? Не еткені болмаса? Қайткенмен?
Себеп бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді Неліктен? Не үшін? Не себепті?
Мезгіл бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді Қашан? Кай кезде? Қащаннан?
Қимыл сын бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс қимылдың қалай орындалғанын білдіреді Қайтіп? Не етіп? Қалай?
Мақсат бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді Не мақсатпен? Не үшін?

Билет №7
2) Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.

Билет №8
1) Қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімінің бір өзгешелігі –дастархан жайып, кімді болса да адал көңілмен қарсы алатын кең пейілдігінде, меймандостығында. Қазақ үйіне келген адамға дастархан жайып, қонақжайлылық ниет білдірмеген адамды «қазанын қара суға малып отырғандай» деп кемсітетін болған. Сондықтан да қазақ халқы танысын, танымасын үйіне бас сұққан адамға «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп қарап, дастархан жайып, барын оның алдына қойған.
2) Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов)), себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).

Билет №9
2) Күрделі сөз дегеніміз екі я онан да көп жалаң я туынды түбірлерден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір бүгін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Мысалы: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы, арқа суйеу, т.б.
Билет №10

Билет №11
1) Алматының ресми тарихы 1854 жылдан басталады. Алматы өзенінің жағасында салынған бекініс көп ұзамай Верный деген атқа ие болған. Алайда ХVІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген мемлекет қайраткері, ақын Захириддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында болашақ Алматының орнында Алмату атты ортағасырлық қала болғаны айтылады. «Үлкен Алматы» аймағын адамдар ерте кезден-ақ игерген. Х-ІХ ғасырларда мұнда отырықшы мекендер болған, олардың тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысқан. Қаланың сол жақ шетіндегі шағын мекенжайдан табылған қыш ыдыстардың Ферғанадан табылған ыдыстарға ұқсас болуы осы екі аймақ арасында қола дәуірінің өзінде мәдени байланыс болғанын дәлелдейді. Бұл байланыс кейініректе сақтар дәуірінде де жалғаса түсті. Ол кездерден «сақ патшалары» әулетінің аумақты оба-қорғандары бар. Қазіргі Алматының шығыс жағында үш қорғаннан тұратын бір топ ескерткіш сақталған. Есік қорғанынан табылған материалдар сақтартың белгілі адамдарын алтын киімдерімен, қару-жарақтарымен, асыл тастарымен қоса жерлегенін дәлелдейді. Ғұрыптық ескерткіштердің қатарына құрбандық сәкісі жатады. Соның ішінде Верный қаласының маңынан табылған, В.С.Стрельцов жариялаған «жетісулық алтарь» деп аталатын ескерткіш әйгілі болған. Ол – төрт сирақты аласа үстел. Үстелдің бет тақтайының ернеуіне қанатты барыстың 25 мүсіні салыныпты. Тағы да осындай құрбандық сәкісі Алматыда, ашылып қалған қорғаннан табылды. Ол төрт бұрышты, конус түріндегі тұғыры бар үстел. Төрт бұрышында қанатты барыс, табанының жиектеріне жеті жолбарыстың мүсіні салынған, ал ортасында екі түйенің бейнесі бар. Сақтардың өзгеше бір храмдары мен қасиетті орындарының бөлшектері, көпке белгілі «Қарғалы диадемасы» Алматы маңындағы көшпелілердің идеологиясы жөнінде білуге көп мүмкіндік туғызады.
2) Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндаушты тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемдібағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемдібасыңқы сөйлем дейді.
Сабақтас сөйлемнің сызбасы: бағыныңқы, басыңқы
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:
Түрі Ереже Сұрағы
Шартты бағыныңқы Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді. Қайтсе? Не етсе? Не еткенде?
Қарсылықтыбағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама қарсы болып келеді Қайтсе де? Не ете тұра? Не еткені болмаса? Қайткенмен?
Себеп бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді Неліктен? Не үшін? Не себепті?
Мезгіл бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді Қашан? Кай кезде? Қащаннан?
Қимыл сын бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс қимылдың қалай орындалғанын білдіреді Қайтіп? Не етіп? Қалай?
Мақсат бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді Не мақсатпен? Не үшін?

Билет №12
1) Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж.- 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.
2) Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) салалас; ә) сабақтас; б) аралас. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.

Билет №13
1) Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.
2) Тұйық, етістік — етістіктің ерекше түрі. Мағынасы жағынан ол қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіреді де, шақпен де, жақпен де байланысты болмайды. Сөйтіп, тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтык, мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.

Билет №14
1) Тұрманжанов Өтебай (15 желтоқсан 1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауданы Жалғызағаш ауылы – 1978, Алматы) – жазушы. Мәскеудегі Шығыс жастарының коммунистік университетін бітірген (1927). 1927 – 1978 жылы ТашкенттегіОрта Азия университетінің оқытушысы, даярлық курстың және қазақаласықырғыз тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1927 – 1930), Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағы қазақ секциясының басшысы (1929), ҚазПИ-де (қазіргіҚазҰПУ) проф., Қазақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, “Қазақ әдебиеті” газетінде, “Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында редактордың орынбасары, редактор (1935 – 37), “Жазушы” баспасында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Тұрманжанов шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығып тұрған “Ақ жол” газетінде 1920 жылы жарияланған. “Таң өлеңдері” жинағы Мәскеуде жарық көрген (1925). 1927 жылы тұңғыш әңгімелер жинағы (“Қошан кедей”), 1929 жылы өлең кітабы (“Таң сыры”) басылған. Тұрманжанов 40-қа жуық еңбектің авторы. Ол Л.Н.Толстойдың балаларға арналған көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударған.
2) Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.

Билет №15
1) Бердібек Соқпақбаев (13.10.1924 жылы туған, Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостобе ауылы) — қазақ жазушысы. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген соң (1949) Нарынқол ауданында мұғалім болды. "Жұлдыз", "Балдырған" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында түрлі қызмет атқарды (1952-70). "Бұлақ" (1950) өлеңдер жинағы, "Он алты жасар чемпион" (1951), "Бақыт жолы" (1952), "Алыстағы ауылда" (1953), "Балалықшаққа саяхат", "Дала жұлдызы" (1960), "Аяжан" (1963, орыс тілінде 1965), "Гауһар" (1966) повестерін жазды. "Менің атым Қожа повестсі" (1957) кітабы балалардың сүйіп оқитын шығармасына айналып, орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды. 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы сол кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды. "Балалық шаққа саяхат" атты повесі бойынша жазылған киносценарийі де фильмғе түсірілді (1965). "Менің атым Қожа" фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильмдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болды. Б.Соқпақбаев "Бозтөбеде бір қыз бар" (1958), "Әпенденің айласы" (1960), "Менің атым Қожа" (1967) т. б. драмалық шығармалар жазды. Б.Соқпақбаевтың қырқыншы жылдардағы жастар өмірінен жазған "Өлгендер қайтып келмейді" романы (1940-1974) орыс тіліне аударылып басылды (1969).[
2) Күрделі сөз. Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді күрделі сөз дейді. Мысалы: әке-шеше, ауыл-аймақ, ашудас, бесжылдық, боз торгай, қара торы, он уш сияқты сөздер күрделі сөздер болып табылады. Себебі бұлар кемінде екі түбірден құралған: әке-шеше (әке және шеше), ауыл-аймқ, (ауыл және аймақ), ашудас (ашу немесе ащы және тас), бесжылдық (бес және жылдық), боз торғай (боз және торғай), қара торы (қара және торы), он уш (он және үш).

Күрделі сөздер жасалу жолына қарай біріккен сөздер (бүгін, жаздыгүні, алғысөз), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (АҚШ, БҰҰ, ҚазМУ), тіркесті сөздер (қара торғай, қара көк, жүз бес) болып бөлінеді.
Сөйтіп, күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, сөйтіп, түбірдің бір түрі болып табылады.

Билет №16
1) Қастек Баянбаев (15.11.1936 жылы туылған, Алакөл ауданы, Талдыбұлақ ауылы ) — ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1971). ҚазМУ-ді бітірген (1976). 1960- 70 жылдары Алакөл ауданы газетінде, Алматы облысы "Жетісу" газетінде, 1971-91 жылдары "Жалын", "Жазушы" баспаларында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1991-96 жылдары "Балауса" баспасыңда бас редактор қызметтерін атқарды.
Шығармалары[өңдеу]
• "Арғымақ" (1962)
• "Солақай қарт" (1964)
• "Балаларға базарлық" (1966)
• "Ильич пен аңшы" (1970)
• "Ақ шағала" (1973)
• "Қол шатыр көтерген он батыр" (1974)
• "Алау" (1978)
• "Жол" (1982)
• "Тәтті сабақ" (1984)
• "Той" (1986)
• "Жүз жыл жаз" (1995)
• "Құс сүті" (1996) атты поэзиялық жинақтары шықты.
• Көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. С.М.Михалковтың, Р.И.Рожденственскийдің, И.Токмакованың, Қ.Төңірікүлиевтің, С.С.Даниловтың жекелеген өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
• 1986 жылы "Тәтті сабақ" жннағына жылдың үздік кітабы ретінде І.Жансүгіров атындағы сыйлық берілді.
2) Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.
Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан т. б.
Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:
• Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер қолданылады. Мысалы:
бұрын бұрынырақ бұрындау тым бұрын кейін кейінірек кейіндеу өте кейін
ілгері ілгерірек ілгерілеу аса ілгері әрі әрірек әрілеу тым әрі
әрмен әрменірек әрмендеу тіпті әрмен былай былайырақ былайылау тым былай
• Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, құрдан-құр т. б.
• Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері, бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі т. б.
Туынды үстеулер
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.
Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.

Билет №17
1)Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондықтан орман-тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
2) Тұрлаулы мүшелер деп сөйлемнің негізгі мүшелері болып саналатын бастауыш пен баяндауышты атаймыз.

Билет №18
2) Тұрлаусыз мүшелер деп сөйлемдегі анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш мүшелерді дейміз.
1) Табиғатты қорғау – бұл бүкілдүние жүзілік , мемлекеттік және қоғамдық, ғылыми негізде шешілетін, берілген табиғат байлықтарын тиімді қолдана отырып, сақтау, қорғау және қорғай отырып ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалдырылатын, табиғатты ластану мен бұзылудан сақтауды шешетін ауқымды мәселе. Табиғатты қорғау мәселесі – кешенді жүргізілуі керек. Табиғаттың белгілі бір ресурстары немесе белгілі бір аймағы ғананемесе жекеленген бөліктерінің қорғауға алынуы – табиғатты қорғау мәселелерін шешпейді, қорғауға табиғаттың барлық компаненттері алынып, тарихи дамуында бірлесіп жатқан, жаратылыстарынан табиғи байланысты әртүрлі компаненттерін біріктіретін табиғи кешенді (комплекс,экожүйе) толығымен қорғауға алынуы тиіс.


Билет №19
1) Шөлейтті аймақтар Қазақстан территориясының 50% - ын қамтиды. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 900 және шығыстан батысқа қарай 3000 шақырымға созылып жатыр. Бұл аймақтың ауа-райы құрғақшылығымен ерекшеленеді. Жылына орташа есеппен 150-220 мм (негізінен қыс мезгілінде) аралығында жауын-шашын мөлшері түскенімен, ылғал 8-10 есе көп буланып кетеді. Қаңтар айындағы орташа температура -5С-тан -15С-ты құраса, қар жамылғысы да аз мөлшерде, яғни 7-10 см болады. Ал шілде айында орташа температура +27-тан +30-қа дейін жетеді, тіпті кейде +45-қа дейін көтеріледі. Бұл аймаққа топырақ бетін кептіріп жіберетін қатты желдер тән. Шөлейт аймақтағы вегетациялық кезең ұзақтығы орташа есеппен 220-240 күнді құрайды.
Бұл аймақта өсетін өсімдік түрлері де көп емес. Тек өзен жағалаулары бойына орналасқан ағаш және бұталы өсімдік түрлері, яғни тоғайлар немесе тоғайлы ормандар ғана айналаға ерекше көрік беріп тұрады.
2) Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория. Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер дара етістіктер мен күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Билет №20
1) Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, оның жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырым. Қазақстанның батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтай таулары дейін 2925 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтығының оңтүстігі мен Орал тауларының сілемдерінен, оңтүстігінде Тянь-Шань биік таулы жоталары мен Қызылқұм шөлдеріне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның табиғат жағдайдары да әртүрлі. Мұнда жазықтық жерлердің сан алуан түрлері солтүстігінде орманды далалардан басталып, оңтүстіктегі шөл-шөлейттерге, құмды, сазды, тасты, сортаңды шөлдерге жалғасады. Таулы-тасты жерлері аласа таулы жоталардан басталып, Алтайдың тайгалы ормандары мен Тянь-Шанның қарлы шыңдарына ұласады; сулары - Каспий, Арал теңізі, Балқаш,Зайсан, Марқакөл көлдерінен және Жайық, Сырдария, Шу, Іле, Қаратал,Ертіс, Есіл, Тобыл сияқты тасқынды өзендер мен жылғалардан тұрады. Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда бомыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға,шортан және тағы басқалар кездеседі.
2) Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) және жалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов)), себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).
Билет №21
2) Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.
Негізгі үстеулер
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.
Негізгі үстеулерге келесі сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта, қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғарғы, төмен, әрі, бері, кері, әрмен, бермен, ерте, кеше, нақ, дәл, нағыз, сәл, әнтек, тек, мейлінше, лық(а), қақ, дәйім, һаман, әншейін, тым, тіпті, өсе, аса, ең, әбден, мүлде(м), төтенше, ерекше, орасан т. б.
Негізгі үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:
• Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек, оларға -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай туғызатын өте, аса , тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш сөздер қолданылады. Мысалы:
бұрын бұрынырақ бұрындау тым бұрын кейін кейінірек кейіндеу өте кейін
ілгері ілгерірек ілгерілеу аса ілгері әрі әрірек әрілеу тым әрі
әрмен әрменірек әрмендеу тіпті әрмен былай былайырақ былайылау тым былай
• Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос, құрдан-құр т. б.
• Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қорсарлану арқылы да, басқа сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері, бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде, кейіннен, ендігәрі т. б.
Туынды үстеулер
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.
Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.

Билет №22
1) Елбасы Н.Назарбаевтың « … қазақ ұлты өзінің мемлекеттік тілі және оны дамыту туралы айтуға қақылы» деген сөзі тіл проблемаларын шешудің, еліміздің алдында тұрған маңызды мақсаттарының бірі екендігін көрсетеді. Қазір мемлекеттік тіліміздің дамып, өркендеп, қанат жаюына қатысты іс-шаралар жан-жақты жүргізілуде.
Қазіргі қоғам талабы, мемлекеттік тілге қажеттіліктің артуы, яғни оның қоғамдық қызмет аясының кеңеюі, тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жақсарту, тілдерді оқытудың жаңа технологиясының озық практикасын пайдалану қазақ тілі мұғалімдерінің бүгінгі таңдағы мақсаты мен міндеті болып отыр.
Қазақ тілі – өз ішінде салаларға бөлінетін, өзіндік сыры мен қыры көп, күрделі және бай тіл. Оның барлық сыр-сипатын, салаларын бірден тану, білдіру мүмкін емес, сол себепті тілдік материалдар өз жүйесі бойынша жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген ұстанымдарды есепке ала отырып үйретіледі.
2) Сабақтас құрмалас сөйлемдегі баяндаушты тиянақсыз болып келген бірінші сөйлемдібағыныңқы сөйлем дейді. Ал баяндауышы тиянақты болып келген екінші сөйлемдібасыңқы сөйлем дейді.
Сабақтас сөйлемнің сызбасы: бағыныңқы, басыңқы
Сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы сөйлемінің мағынасына қарай 6 түрі бар:
Түрі Ереже Сұрағы
Шартты бағыныңқы Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемінің шарты болып келеді. Қайтсе? Не етсе? Не еткенде?
Қарсылықтыбағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлеміне қарама қарсы болып келеді Қайтсе де? Не ете тұра? Не еткені болмаса? Қайткенмен?
Себеп бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің себебін білдіреді Неліктен? Не үшін? Не себепті?
Мезгіл бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемінің мезгілін білдіреді Қашан? Кай кезде? Қащаннан?
Қимыл сын бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемде айтылған іс қимылдың қалай орындалғанын білдіреді Қайтіп? Не етіп? Қалай?
Мақсат бағыныңқы Бағыныңқысы басыңқы сөйлемдегі ойдың мақсатын білдіреді Не мақсатпен? Не үшін?

Билет №23
1) Электронды пошта Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.
2) Үстеу заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік және күй-жайларын және сынның белгісін білдіретін. Үстеу сөздері морфологиялық құрылысы және құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады: негізгі үстеулер мен туынды үстеулер.


Билет №24
1) Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.
2) Сын есім, түрлері, емлесі, сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі
Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауыболатын сөздер. Сұрағы – қандай? қай?
Сын есімнің негізгі белгілері
Белгілері Мысалдар Сұрағы
Түрі
Түсі
Дәмі
Салмағы
Сапасы
Көлемі
Күйі
Затқа қатысы дөңгелек (шар)
көгілдір (тау)
қышқыл (алма)
ауыр (жүк)
жұмсақ (нан)
үйдей (тас)
құрғақ (ауа)
шеткі (үй) қандай?
қандай?
қандай?
қандай?
қандай?
қандай?
қандай?
қай?

Билет №25
2) Күрделі сөз дегеніміз екі я онан да көп жалаң я туынды түбірлерден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір бүгін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Мысалы: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы, арқа суйеу, т.б