1.Деректер базасына кіріспе (Билеты с ответами)

Экзаменационные билеты по предмету «Информатика»
Информация о работе
  • Тема: 1.Деректер базасына кіріспе (Билеты с ответами)
  • Количество скачиваний: 88
  • Тип: Экзаменационные билеты
  • Предмет: Информатика
  • Количество страниц: 11
  • Язык работы: қазақ (Казахский)
  • Дата загрузки: 2014-12-23 01:19:29
  • Размер файла: 52.2 кб
Помогла работа? Поделись ссылкой
Информация о документе

Документ предоставляется как есть, мы не несем ответственности, за правильность представленной в нём информации. Используя информацию для подготовки своей работы необходимо помнить, что текст работы может быть устаревшим, работа может не пройти проверку на заимствования.

Если Вы являетесь автором текста представленного на данной странице и не хотите чтобы он был размешён на нашем сайте напишите об этом перейдя по ссылке: «Правообладателям»

Можно ли скачать документ с работой

Да, скачать документ можно бесплатно, без регистрации перейдя по ссылке:

1.Деректер базасына кіріспе
Деректер базасы (ДБ) – пәндік облыстың құрылымдалған деректерінің аталған жиынтығы.
Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) – деректер базасын құруға, сақтауға және оларда қажет ақпаратты іздеуге арналған программалық құралдар кешені.
Деректер моделінің үш негізгі типі бар – реляциялық, иерархиялық және желілік.
1. Иерархиялық модель
Деректер базасының иерархиялық моделі элементтерді бағыну ретіне қарай жалпыдан жекеше орналасқан және тоғай (граф) түзетін жиынтықты көрсетеді. Берілген модель деңгей, тораптар, байланыс сияқты параметрлермен сипатталады. Модельдің жұмыс істеу принципі төменгі деңгейдегі бірнеше тораптар жоғары деңгейдегі бір тораппен байланыс құру көмегімен қосылады.
2. Желілік модель
Деректер базасының желілік моделі иерархиялыққа ұқсас. Онда негізгі құрастырушылар (торап, деңгей, байланыс) бар, бірақ олардың қатынасының сипаты басқа. Желілік модельде әртүрлі деңгейдегі элементтер арасында еркін байланыс қабылданған.
3. Реляциялық модель
"Реляциялық" (латын сөзінен relation — қатынас) термині деректерді сақтаудың мұндай моделі оның бөліктерінен құралатын өзара қатынаспен құрылған. Қарапайым жағдайда ол екіөлшемді массив немесе екіөлшемді кестені көрсетеді, ал күрделі ақпараттық модель құру кезінде өзара байланысқан кестелер жиынтығын құрады.
2. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған құралдардың жалпы көрінісі
Delphi Enterprise құрамына ДБ пайдаланатын қосымшаларды құру және эксплуатациялауға арналған келесі құралдар кіреді.
1. BDE (Borland Database Engine)
Жергілікті және клиент-серверлі деректер базасына төмендеңгейлі кіруді қамтамасыз ететін DLL-кітапханаларды ұсынады. Бұл программа әрбір компьютерге орнатылуы керек, ол Delphi жазылған деректер базасымен жұмыс істеуге арналған қосымшаны пайдаланылады.
2. BDE Administrator
Нақты компьютерде деректер базасының псевдонимін (атын), деректер базасының параметрін және деректер базасының драйверін орнатуға арналған программа. Бұл программада барлық деректер базасына ортақ параметрлерді баптауды жүргізуге болады: уақыт және күн форматы, тілдік драйверді пайдаланатын сандарды көрсету форматы және т.б.
3. Database Desktop (DBD)
Деректер базасын құру, өзгерту және көруге арналған құрал. Программа жергілікті ДББЖ кестелерімен жұмыс істеуге үшін негізделген.
4. SQL Explorer
BDE Administrator және DBD көптеген функцияларын біріктіретін әмбебап программа. Оның көмегімен деректер базасының псевдонимін құруға және көруге, деректер базасы кестесінің құрылымын және ішіндегісін қарауға, SQL тілінде деректер базасына сұраныс құруға, деректер сөздігін құруға болады.
3.ДБ-мен жұмыс істеуге арналған программалар ерекшеліктері.
ДБ жұмыс істеуге арналған Delphi программалар көмегімен құрылғандардың ерекшелігі оларда BDE пайдалану болып табылады.
BDE программа мен деректер базасының арасында байланыстырушы көпір рөлін жүзеге асырады. BDE өзіне клиенттік программаны оған қажет деректермен қамтамасыз ету бойынша барлық төмендеңгейлі жұмыстарды алады. Сондықтан жалпы жағдайда программаның деректермен өзара әрекеттесуі былайша жүреді:

4.Delphi-де қолдайтын ДБ типтері.
1. Локальды және файл-серверлі ДБ.
2. Клиент-серверлі ДБ.
3. Қосымша сервермен архитектура.

5, 38. Деректер базасын пайдаланатын қосымшаны құруға арналған Delphi құралдары
6, 39. BDE Administrator міндеті.
BDE Administrator
BDE Administrator – бұл нақты компьютерде деректер базасының псевдонимін, деректер базасының параметрлерін және деректер базасының драйверлерін орнатуға арналған программа. Бұл программада барлық деректер базасы үшін жалпы параметрлерді баптауды жүргізуге болады: уақыт және күн форматы,

7, 40. ДБ псевдонимін құру.
Локальды ДБ кестелерімен жұмыс істеу кезінде (олардың қатарына Paradox және dBase ДББЖ кестелері кіреді) деректер базасының өзі дисктегі каталогта орналастырылады және файлдар жиыны түрінде сақталады. Бір кестені сақтау үшін жеке файл құрылады. Осындай жеке файлдар кесте индекстері мен мемо-өрістерді сақтау үшін құрылады.
ДБ-на утилиттер мен программалардан қатынау деректер базасының псевдонимі арқылы жүзеге асырылады.
Псевдоним – бұл деректер базасы кестесінің файлы орналасқан жерді көрсететін қысқа атау.
Псевдоним BDE Administrator утилиті көмегімен нақты компьютер конфигурациясының файлында тіркелуі керек. ДБ псевдонимін құру үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
1. BDE Administrator утилитін жүктеу керек (оны басты меню Windows:Пуск Программы Borland Delphi 6 BDE Administrator көмегімен істеуге болады),
2. Утилит терезесінің басты менюінен Object New элементін таңдау керек.
3. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылатын ДБ типін өзгеріссіз (STANDARD) қалдыру және ОКбатырмасын басу қажет.
4. ДБ администраторы терезесінің сол жақ өрісінде STANDARD1 атауымен жол пайда болады. Осы атауды өз қалауыңыз бойынша басқа атау беруге болады.
5. Оң жақ өрісте ДБ параметрі көрсетілген. ДБ орналасқан, каталогқа кіру маршрутын көрсететін PATH параметрін өзгерту қажет. Жолды қолмен енгізуге болады, бірақ администратор құралымен пайдаланған дұрыс: ол үшін PATH өрісін шерту керек және пайда болған оң жақ бөліктегі көпнүктелі өрісті басу керек. Содан кейін қажет каталогты таңдау және ОКбатырмасын басу керек (2-сурет). ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 № 1 басылым 18.09.2013ж. 40 беттің 9-сі
6. Енді псевдоним анықтамасын толтыру қажет. Ол үшін ДБ администраторының сол жақ терезесінде псевдоним атауын тышқанның оң жақ батырмасымен шерту және қосымша менюде Apply опциясын таңдау қажет. Пайда болған диалогтік терезеде (онда бізден псевдоним үшін өзгерістерді сақтаймыз ба екендігі сұралады) ОК батырмасын шерту қажет.
7. BDE Administrator утилитінің терезесін жабу: псевдоним құру аяқталды және оған басқа утилиттер мен қосымшалардан қатынауға болады.

8, 41. STANDARD типті деректер базасының параметрі.
1. BDE Administrator утилитін жүктеу керек (оны басты меню Windows: Пуск Программы Borland Delphi 6 BDE Administrator көмегімен істеуге болады),
2. Утилит терезесінің басты менюінен Object New элементін таңдау керек.
3. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылатын ДБ типін өзгеріссіз (STANDARD) қалдыру және ОК батырмасын басу қажет.
4. ДБ администраторы терезесінің сол жақ өрісінде STANDARD1 атауымен жол пайда болады. Осы атауды өз қалауыңыз бойынша басқа атау беруге болады.
5. Оң жақ өрісте ДБ параметрі көрсетілген. ДБ орналасқан, каталогқа кіру маршрутын көрсететін PATH параметрін өзгерту қажет. Жолды қолмен енгізуге болады, бірақ администратор құралымен пайдаланған дұрыс: ол үшін PATH өрісін шерту керек және пайда болған оң жақ бөліктегі көпнүктелі өрісті басу керек. Содан кейін қажет каталогты таңдау және ОКбатырмасын басу керек (2-сурет). ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 № 1 басылым 18.09.2013ж. 40 беттің 9-сі
6. Енді псевдоним анықтамасын толтыру қажет. Ол үшін ДБ администраторының сол жақ терезесінде псевдоним атауын тышқанның оң жақ батырмасымен шерту және қосымша менюде Apply опциясын таңдау қажет. Пайда болған диалогтік терезеде (онда бізден псевдоним үшін өзгерістерді сақтаймыз ба екендігі сұралады) ОК батырмасын шерту қажет.
7. BDE Administrator утилитінің терезесін жабу: псевдоним құру аяқталды және оған басқа утилиттер мен қосымшалардан қатынауға болады.

9, 42. PARADOX драйверінің параметрлерін орнату.
1. BDE Administrator утилитін жүктеу керек (оны басты меню Windows: Пуск Программы Borland Delphi 6 BDE Administrator көмегімен істеуге болады),
2. Утилит терезесінің басты менюінен Object New элементін таңдау керек.
3. Пайда болған терезеде (1-сурет) құрылатын ДБ типін өзгеріссіз (STANDARD) қалдыру және ОК батырмасын басу қажет.
4. ДБ администраторы терезесінің сол жақ өрісінде STANDARD1 атауымен жол пайда болады. Осы атауды өз қалауыңыз бойынша басқа атау беруге болады.
5. Оң жақ өрісте ДБ параметрі көрсетілген. ДБ орналасқан, каталогқа кіру маршрутын көрсететін PATH параметрін өзгерту қажет. Жолды қолмен енгізуге болады, бірақ администратор құралымен пайдаланған дұрыс: ол үшін PATH өрісін шерту керек және пайда болған оң жақ бөліктегі көпнүктелі өрісті басу керек. Содан кейін қажет каталогты таңдау және ОКбатырмасын басу керек (2-сурет). ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 № 1 басылым 18.09.2013ж. 40 беттің 9-сі
6. Енді псевдоним анықтамасын толтыру қажет. Ол үшін ДБ администраторының сол жақ терезесінде псевдоним атауын тышқанның оң жақ батырмасымен шерту және қосымша менюде Apply опциясын таңдау қажет. Пайда болған диалогтік терезеде (онда бізден псевдоним үшін өзгерістерді сақтаймыз ба екендігі сұралады) ОК батырмасын шерту қажет.
7. BDE Administrator утилитінің терезесін жабу: псевдоним құру аяқталды және оған басқа утилиттер мен қосымшалардан қатынауға болады.

10, 43. Database Desktop міндеті.
Database Desktop (DBD)
Database Desktop (DBD) – бұл деректер базасын құру, өзгерту және көруге арналған құрал. Программа локальды ДББЖ кестелерімен жұмыс істеу үшін негізделген.

11, 44. PARADOX типті деректер базасының кестесін құру.
1. Alpha – символдық, яғни 255 символға дейінгі жол.
2. Number – -10308-нен +10308 дейінгі сандар.
3. Money – Number типіне ұқсас, бірақ көрсетілу кезінде ақшаның белгісі шығып тұрады.
4. Short – -32768-ден +32767-ге дейінгі бүтін сандар.
5. LongInteger - -2147483648-ден +2147483647-ге дейінгі бүтін сандар.
6. BCD – екілік және ондық жүйедегі бүтін және бөлшек сандар. Бөлшек бөлігі өте көп сандармен жұмыс істеу кезінде өте нақты нәтиже алуға мүмкіндік береді.
7. Date – күн мәні.
8. Time – уақыт мәні.
9. Timestamp – уақыт және күннің мәні.
10. Memo – жолдық, яғни 255 символдан ұзын мәндер. Максималды ұзындық шектелмеген. 1-ден 240 символға дейін кестемен бірге, қалғандары mb кеңейтілімді Memo – файл түрінде сақталуы мүмкін.
11. Formatted Memo – дербес ұзындықты форматталған мәтін.
12. Graphic Fields – bmp, pcx, giv форматтағы графикалық бейнелер.
13. OLE –OLE технологиясымен қолданатын форматтағы ақпарат.
14. Logical – true немесе false мәнін қабылдайтын тип.
15. Autoincrement – жаңа жазба қосу кезінде өріс мәні автоматты түрде есептеледі (бірлікке ұлғаяды), демек, бірдей мәндер болмас үшін, жазбалардан өріс мәндері қайта пайдаланбас үшін. Мәндер тек қана оқуға арналған.
16. Binary – дербес ұзындықты екілік мән. Жеке файлда сақталады.
17. Bytes – 1-ден 240 дейінгі ұзындықты дербес екілік мән. Деректер базасы кестесімен бірге сақталады.

12, 45. Кесте өрісінің типтері мен қасиеттері.

13, 46. ADO құралдарымен мәліметтерге қол жеткізу.
BDE процессорын қолдану деректер базасына қол жеткізуді ұйымдастырудың жалғыз ғана әдісі болып саналмайды. Өңдеушілердің тарапынан ADO универсалды технологиясы кең қолданыс тауып отыр. Онда қазіргі заманғы кез келген Windows операциялық жүйесінің құрамына кіретін жоғары деңгейлі OLE DB интерфейстер жиынтығы бар. Ұсынылып отрған технология ең алдымен клиент пен сервер дерекетер базасының тұрақты мәлімет алмасуын болжайтын клиент-серверлік қосымшаларға (приложение) негізделген.
OLE DB (Object Linking and Embedding Database – деректер базасы объектілерін байланыстыру және кіргізу (енгізу)) интерфейсі COM (Component Object Model – компоненттік объектілер моделі – бұнда деректерді өңдеудің және объектілер арасында деректер тасымалдау аранайы функциялары жасақталған) арнайы объектілерін пайдалана отырып кез келген типті деректер көзіне қол жеткізу мумкіндігін туғызатын универсалды технология болып табылады. [2]
OLE DB-ң өз объектілерінен басқа ADO технологиясы провайдерлер механизімімен қатынас ұстайды. Провйдерлер деректер базасын ұйымдастырудың төмен деңгейлі бөлшектерін жасыратын және жоғары деңгейлі абстракциясы бар деректерді жеткізушілер деп түсіндіріледі.
ADO тенологиясы арқылы деректер базасына қол жеткізу саймандар тақташасындағы ADO бетінде орналасқан компоненттер көмегімен жүзеге асады.

14, 47. ADO байланысын баптау
Деректер базасы мен қосымша арасында байланыс орнату үшін оларды бірімен-бірін жалғап параметрлерін баптау керек. Осы мақсат үшін ADO Connection компоненті қажает. Байланыс параметрі ConnectionString қасиетінде сақталған жолмен ерекшеленеді. Байланыс жолының форматын білу қажет емес, өйткені ол ADO Connection компонентін тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерткенде ашылатын арнайы байланыс параметрі редакторымен құрылады. (1.1. – сурет )
1.1. – сурет, Байланыс параметрлерінің редакторы.
Байланыс жолы автоматты түрде орнау үшін Data Link Properties байланыс баптау терезесіне көшу қажет, ол үшін Build батырмасы басылады. (1.2 – сурет) ПОӘК 042-18-12.1.89/03-2013 № 1 басылым 18.09.2013ж. 40 беттің 12-сі
Provider (поставщик данных) бетінде керекті деректер базасының деректер провайдері таңдалынады. Келесі қадам Connection бетінде орналасқан баланыс параметрлерін көрсетумен байланысқан (1.3-сурет).
1.3 – сурует, Байланыс параметлерін баптау.
Параметрлерді баптау жұмысын аяқтағаннан соң байланыстың орнағанын тексеру үшін «Проверить подключение» батырмасын шерту қажет болады.
Үнсіз келісім бойынша бапталған байланыс жабық жағдайда болады. Деректер базасымен байланысті активтендіру үшін екі әдіс көмегіне жүгінеді.
Connected қасиетінің мәнін true деп өзгерту;
Open әдісін таңдау.
Кейбір орындалатын операциялар түріне қол жеткізу құқығы Mode қасиеті көмегімен жүзеге асады. Ол келесі мәндердің бірін қабылдайды.
cmUnknown. Берілген байланыс үшін құқықтар берілмеген немесе анықталмаған.
cmRead. Тек оқу.
cmWrite. Тек жазу.
cmRead. WriteОқу және жазу.
cmShareDenyRead. Басқа байланыстар үшін жазуға тыйым салынған.
cmShareDenyWrite. Басқа байланыстар үшін оқу тыйым салынған.
cmShareExclusive. Басқа байланыстар үшін ашу әрекетіне тыйым салынған.
cmShareDenyNone. Кез келген байланыстар үшін ашу әрекетіне тыйым салынған.


15, 48. Delphi ортасында деректер базасының қосымшасын құрудың жалпы принциптері
1. ADOTable, ADOQuery , DataSource компоненттерімен жұмыс.
2. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған визуальды компоненттермен
жұмыс (Data Controls беті).
3. Өрістермен жұмыс.
4. Есептік өрістерін құру.
1. ADOTable – кесте компоненті; ДБ кестесіне қол жеткізу мүмкіндігін туғызады; ол ДБ-ның физикалық кестесіндегі барлық деректерді ADO көмегімен беретін деректер жиынын (жинағын құрайды. ADOTable компоненті компоненттер палитрасында ADO бетінде орналасқан.
DataSource компоненті программа және деректер сипаттайтын көрінбейтін компоненттер (ADOTable, ADOQuery) мен осы деректер немесе сұраныстың орындалу нәтижесі көрсетілетін көрінетін компоненттер (мысалы, DBGrid, DBText) арасын байланыстыру үшін пайдаланылады. DataSource компоненті компоненттер палитрасында Data Access бетінде орналасқан.
1. DataControls бетінің кейбір компоненттері
Бұл бет деректерді көрсету және редактрлеуге арналған визуальды компоненттерден тұрады.
DBGrid компоненті– экранда деректерді көрсетудің кестелік формасын қамтамасыз етеді.
Кейбір қасиеттері:
DataSource – деректер бастауы компонентінің атауынан тұрады (DataSource компонентінің).
DBNavigator компоненті – жабаларды жою, жаңа жазбалар қосу және т.с.с. үшін деректер базасы кестесінің жазбаларымен жылжуға арналған басқарушы
батырмалар тобы.

16, 49. ADOTable, ADOQuery , DataSource компоненттерімен жұмыс.
ADOTable – кесте компоненті; ДБ кестесіне қол жеткізу мүмкіндігін туғызады; ол ДБ-ның физикалық кестесіндегі барлық деректерді ADO көмегімен беретін деректер жиынын (жинағын) құрайды.
ADOTable компоненті компоненттер палитрасында ADO бетінде орналасқан.
Кейбір қасиеттері
1. Connection – ДБ-мен байланыс
2. TableName – ДБ-ның физикалық кестесінің атауы; ДБ деректерінің орналасу орнын анықтайды; ашылмалы тізімнен таңдалынады;
3. Filter – Деректерді іріктеудің фильтрін орнату үшін;
4. IndexFieldNames – индекстері(негізгі және екінші) құрылған өрістер үшін;
5. IndexName – ағымдағыкестенің екінші индекстің атауы; кестені құрған кезде құрылған екінші индекстер тізімінен таңдалады; егер қосымшаны жасау немесе орындау барысында екінші индекс атауы таңдалмаса, онда деректер жинағы негізгі кілт бойынша сұрыпталады.
6. Active – Boolean типті – кестенің активтілігі (белсенділігі); Active =True кезінде деректер жинағы ашық қалпында, ал Active=False кезінде жабық болады.
7. Қосымшаны құру барысында Active =True қасиетін Connection, TableName қасиеттерінен кейін орындау керек. Осыдан соң деректерді көрсету жүйесі ДБ мәндерімен толтырылады.
ADOQuery компоненті
ADOQuery компоненті деректер жинағын өзінің SQL қасиетінде анықталған сұраныс бойынша жасақтайды. Компонент деректерге реляциялық (топтық) тұрғыда қол жеткізу кезінде қолданады. ADOQuery деректер жинағында бірден көп кестелердің жазулары бола алады. SQL-сұраныста SQL тілінің командалары (операторлары) болады. Ол деректер жинағын ашқан кезде (Open әдісі немесе Active =true қасиеті) орындалады. SQL тіліндегі сұранысты SQL-программасы деп аталады.
ADOQuery компонентінің негізгі қасиеті: Connection, Active, SQL және Filter. Connection қасиеті арқылы компонент ДБ-на қосылады. Active қасиеті ADOTable компонентінің дәл осы қасиетіне ұқсас; ол SQL қасиетінің операторлары құрған деректер жинағын ашады (активтендіреді). SQL қасиеті SQL тілнің сұраныс мәтінінен тұрады. Жұмыс барысында ең алдымен SQL қасиетінің мәтінін даярлап алып, одан соң Active =true қасиетін орындау қажет. SQL қасиетінің операторлары арқылы анықталған сұранысқа сәйкес іріктелген деректер қосымшаны құру процесінде DataSource компонентінің DataSet қасиетін, мысалы: DataSuorce1.DataSet =ADOQuеry1 орындағаннан кейін-ақ көрсетіледі.
DataSource компоненті программа және деректер сипаттайтын көрінбейтін компоненттер (ADOTable, ADOQuery) мен осы деректер немесе сұраныстың орындалу нәтижесі көрсетілетін көрінетін компоненттер (мысалы, DBGrid, DBText) арасын байланыстыру үшін пайдаланылады.
DataSource компоненті компоненттер палитрасында Data Access бетінде орналасқан.
Кейбір қасиеттері:
1. DataSet – кесте немесе сұраныс атауынан тұрады.


17, 50. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған визуальды компоненттермен жұмыс (Data Controls беті).
DataControls бетінің кейбір компоненттері
Бұл бет деректерді көрсету және редактрлеуге арналған визуальды компоненттерден тұрады.
1. DBGrid компоненті– экранда деректерді көрсетудің кестелік формасын қамтамасыз етеді.
Кейбір қасиеттері:
DataSource – деректер бастауы компонентінің атауынан тұрады (DataSource компонентінің).
2. DBNavigator компоненті – жабаларды жою, жаңа жазбалар қосу және т.с.с. үшін деректер базасы кестесінің жазбаларымен жылжуға арналған басқарушы батырмалар тобы.
Кейбір қасиеттері:
ShowHint – батырмалар үшін подсказкаларды көрсету керек па екендігін анықтайды.

18, 51. Өрістермен жұмыс.
Деректер жинағының әрбір өрісі өз алдында жеке баған құрайды. Delphi-де онымен жұмыс үшін Tfield типтегі Field объектісі және одан туындайтын TintegerField, TfloatField, TstringField типтер қызмет атқарады . Tfield типінің обьектілері визуалды емес және өріс жазуларының деректеріне қол жеткізу үшін арналған . Оларды басқара отырып , мысалы, берілген өрістерді қолданушылардан жасыруға болады.
Деректер жинағының өрістерінің құрамын келесі (әдістер) тәсілдердің тілімен анықтауға болады:
- үнсіз келісім бойынша / динамикалық өрістер/
- өрістер редакторы көмегімен (статистикалық өзгерістер)
ADOTable компонентінің динамикалық өзгерістерінің құрамы кесте жазуларының құрылымымен анықталады. Ал ADOQuery компоненті үшін – оның SQL- сұранысымен. Динамикалық өрістерді пайдалану өрістер құрамын шектеуге мүмкіндік бермейді (кейбір өрістерді оларды көрсету кезінде жасыру) , есептелетін өрістерді, өрістер ретін өзгертуді шектеуге мүмкіндік бермейді. Осы аталып кеткен мүмкіндіктерді орындау үшін арнайы өрістер редакторын пайдалану қажет. Оның көмегімен статикалық өрістер құрамы құрылады.
Редакторды шақыру үшін компонентті екі шерту немесе компоненттің контекстік менюі көмегімен (Fields Editor пункті). Редактор көмегімен келесі операцияларды орындауға болады:
- Статикалық өрістерді құру , өшіру .
- Статикалық өрістер орналасу ретін өзгерту.
- Есептелетін өрісті құрау.
- Берілген мәндер тізімінен мәндерді таңдау өрісін құру
Кестенің өріс редакторының терезесінің көрінісі суретте көрсетілген 1-суретте өріс редакторының контекстік меню түрі берілген.
Редакторының контекстік менюі көмегімен ADOTable және ADOQuery жаңа (есептелетін немесе таңдау өрісімен) компоненттер жинағымен жұмыстар орындауға болады .

19, 52. Есептік өрістерін құру.
20, 53. Локальды деректер базасымен жұмыс
1. Деректерге навигациялық тұрғыдан қол жеткізу
Навигациялық қол жеткізуде деректер жинағының әрбір жазуы өңделеді. Жазуларды таңдау программалық жолмен орындалады. Бұл амалдың жетістігі – қарапайымдылығында. Кемшілігі – желіге үлкен жүктеу түғызады, өйткені қанша жазудың керегіне қарамастан қосымша кестенің барлық жазуын алады. Навигациялық қол жеткізу келесі амалдарды орындау мүмкіндігін туғызады: деректер жинағы бойынша жылжу, жазуларды сұрыптау, жазуларды редакторлеу, жазуларды қою, өшіру, филтрлеу.
ДБ кестесімен жұмыс
Жеке жазулармен жұмыс істеуден басқа ADOTable компонентінің көмегімен ДБ-ның толық кестесіне қатысты әрекеттер орындауға болады. Мысалы кестелерді құруға, өшіруге, атауын өзгертуге, қол жеткізу режимін орнатуға болады.
Деректер жинағын модификациялау
Деректер жинағын модификациялау жазуларды редакторлеу, қосу, өшіру амалдарынан тұрады. Деректер жинағының модификайиялау мүмкіндігін басқару ReadOnly логикалық қасиетінің көмегіменорындалады. ReadOnly = True болғанда деректер жинағын модификациялау рұқсат етілмемейді. ADOTable компонентінің деректер жинағы редактрлеу, көру, қою, іздеу режимдерінің бірінде бола алады. Деректер жинағын редакторлеуді визуалдық компоненттер көмегімен жүргізуге боады, мысалы, DBEdit редакторы немесе DBGrid торы арқылы. Деректер жинағы

21, 54. Деректерге навигациялық тұрғыдан қол жеткізу
Навигациялық қол жеткізуде деректер жинағының әрбір жазуы өңделеді. Жазуларды таңдау программалық жолмен орындалады. Бұл амалдың жетістігі – қарапайымдылығында. Кемшілігі – желіге үлкен жүктеу түғызады, өйткені қанша жазудың керегіне қарамастан қосымша кестенің барлық жазуын алады.
Навигациялық қол жеткізу келесі амалдарды орындау мүмкіндігін туғызады: деректер жинағы бойынша жылжу, жазуларды сұрыптау, жазуларды редакторлеу, жазуларды қою, өшіру, филтрлеу.

22, 55. Деректер жинағын сұрыптау
Үнсіз келісім бойынша кестелер кілт бойынша (негізгі индекс комегімен) сұрыпталады. ADOTable компонентінің деректер жинағы автоматты түрде ағымдағы индекс бойынша сұрыпталады. Ағымдағы индекс мәні қосымшаны орындау кезеңінде IndexName, IndexFieldNmes қасиетерінің көмегімен орнатылады. Мысалы:
ADOTable1.IndexName:= ‘ind_Fio’; // - IndexName қасиетінің көмегімен
ADOTable1.IndexFieldNames := ‘Fio’; // - IndexFieldNames қасиетінің
Сұрыптаудың бағыты - өсу немесе кему бойынша – ixDescending. Үнсіз келісім бойынша ол қосулы тұрады және сұрыптау өсу ретімен жүреді. Егер индекс сипаты қосылса, онда сұрыптау кему бойынша жүргізіледі

23, 56. Жазуларды фильтрлеу, іздеу, модификациялау, редактрлеу, қосу, өшіру
Деректер жинағы бойынга жылжу оның ағымдағы жазуының бағдршасымен басқару әдістерінің көмегімен жүргізіледі. Ағымдағы жазудың бағдаршасының орнын ауыстыру (жылжыту) үшін келесі әдістер қолданылады:
• First процедурасы – бірінші жазуға орнату;
• Next процедурасы – келесі жазуға орнату; соңғы жазу үшін бағдарша жылжымайды.
• Last процедурасы – соңғы жазуға орнату;
• Prior процедурасы – алдыңғы жазуға орнату; бірінші жазу үшін бағдарша жылжымайды;
• MoveBy функциясы – функция параметрімен анықталған жазулар санына көшу.
Жылжу ағымындағы уақыт мерзімінде деректер жинағында болатын жазулар бойынша жүргізіледі. Деректер жинағының жазулар саны KecordCovnt қасиеті бойынша анықталады.
Бағдарша орынын ауыстыру әдістерін қолдану мысалы,
Procedure TForm1. N10Click (Sender: TOject);
Var N: integer;
Begin
ADO Table1. First; // біріншіжазуға
S:=0; // қосындыныңбастапқымәні
For i:=1 to ADO Table1.RecordCount do//жазуларнөлдерінтаңдау (іріктеу)
Begin
S:=S+ADO Tabel1. RS. Value // ағымдағықосындымәні
ADO Table1. Next; //келесіжазуға
End;
Label1. Caption:=’=’ +FloatTostr(S);
Бағдаршаорынысоныменқосажазулардыіздеуәдістеріндеөзгертеді.
Бағдаршаныңорнынбақылауүшін RecNo қасиетінпайдалануғаболады. Ондадеректержинағыныңбасынанбастапжазулардыңреттікнөмірлеріорналасады. Мысалы: ADOTabel1. RecNo:=Str ToInt(Edit1.Text)
Деректержинағыныңсоңыменбасынанықтауүшін BOF және EOF логикалыққасиеттерінқолдануғаболады. Қосымшаны орындау кезінде олар оқуға жол ашады.
Қасиет BOF=True, егер бағдарша деректер жинағының соңғы жазуында орналасса және False-егер соңында

24, 57. Жазуларды фильтрлеу
Фильтрлеу- бұл деректер жинағының жазуларын {берілген} фильтрмен берілген шектеулермен сәйкес алу (таңдау). Деректер жинағы деректер базасының бір немесе бірнеше кестелерін таңдалған жазулар болып есептелінеді. Деректер жинағындағы жазулар құрамы бекітілген шектеулерге тәуелді, мысалы, фильтрге.
Үнсіз келісім бойынша (фильтрсіз) фильтрлеу жоқ және ADOTable деректер жинағында деректер базасының онымен байланысқан кестенің барлық жазулары болады. ADOQuery деректер жинағында SQL қасиетінің SQL- сұранысын қанағаттандыратын жазулар бар.
Фильтрлер статикалық және динамикалық болады. Статикалық қосымшаны құру кезінде динамикалықтарды қосымшаны орындау процесінде құруға және ректрлеуге болады.
Диапазон бойынша фильтрлеуді қолдану және орнату үшін программа мәтінінің мысалы ұсынылған:
Procedure TForm1.btnFilterClick(Sender : TObject);
Begin
With ADOTable1 do begin
IndexName := ‘indNameGodR’; // - ағымдағыиндекстіорнату
SetRangeStart; // – төменгішекараныбелгілеудібастау
FieldByName(‘Name’).AsString :=’A’; // - төменгішекара Name
FieldByName(‘GodR’).AsString :=Edit1.Text; // - « » GodR
SetRangeEnd; // – жоғарғышекараныбелгілеудібастау
FieldByName(‘Name’).AsString :=’Б’; //– жоғарғышекара
ApplyRange; // - шектеулердіқабылдау.
End;
End.
Нәтижесіндеатаулары «А» және «Б» әріптеріненбасталатын, түғанжылдары (GodR) Edit1.Text терезесіндеберілгенмәнненжоғарыболатынжазуларіріктеледі. Туғанжылдаңжоғарғышекарасыберілмейді.

25, 58. Жазуларды іздеу
Берілген шартты қанағаттандыратын жазуды іздеу осы жазуға көшуді білдіреді. Бұны, мысалы, DBStringGrid компонентінде бақылауға болады. Индекстелген өрістер бойынша іздеу жүргізу жылдамырақ жүреді. Деректерді іздеу үшін төмендегі әдістер қолданылады:
• FindFirst – бірінші келетін мәндә іздеу;
• FindLast – соңғы келетін мәнді іздеу
• FindNext – келесі келетін мәнді іздеу
• FindPrior – ізделінді жазуға сәкес келетін жазуды іздеу
• Locate – бір немесе бірнеше өріс бойынша жазуларды іздеу
• Lookup – курсордың орнын ауыстырмай табылған жазулардың керекті өрістерінің мәнін береді.
Іздеу сипаттары әдістер параметрлер тізімінде беріледі. Locate, Lookup әдістерімен индекстелмеген жазуларға іздеу жүргізеді. Тізбектелген іздеуді FindNearest, SetNearest, GoToNearest. Осымен қоса іздеу іздеу сипатын енгізу бойынша жүргізіледі. [17]
Locate функциясының тақырыпшасы:
Function Locate(const KeyFields: String; const KeyValues: Variant; Options: TlocateOptions ) : Boolean;
Мұнда:
KeyFields – іздеу жүргізілетін өріс атауы;
KeyValues – KeyFields-та берілген өрістің ізделінді мәні;
Options – параметр екі мәннен тұрады;
IoCaseInsensitive - әріптер регистрі ескерілмейді;
IoPartialKey – мәндердің бөлшектік сәйкестігіне рұқсат етіледі.
Нәтижелі іздеуде функция True мәнін қайтарады, нәтиже қанағаттанарсыз болғанда – False.
Берілген сипаты бойынша іздеу үшін оператор сипатының мысалы:
If ADOTable1.Locate(‘Number’, 123, []) then S1 else S2;
Бұл мысалдан нені көруге болады? Іздеу Number өрісі бойынша жүргізіледі, өріс мәні 123-ке тең болатын бірінші жазу ізделінеді, іздеудің барлық параметрлері өшірулі.
Бір ғана іздеу сипаты бойынша іздеу жүргізу мысалының үзіндісі:
If ADOTable1.Locate(‘Fio’, Edit1.Text, []) then S1 else S2;
Нәтижелііздеуде S1 процедурасышақырылады, нәтижесізе – S2.
Locate әдісіндебірнешеөрістербойышаіздеужүргізгенде KeyValues параметрі Variant типтімассивболыптабылады. Бірнешеіздеусипатыбойыншажүргізілетініздеумысалынанүзінді:
If ADOTable1.Locate(‘Name; Post’, VarArrayOf(‘П’, ‘Инженер’), [IoCaseInsensitive, IoPartialKey]);
Іздеу Name және Post өрістерібойыншажүргізіледі; Name өрісініңмәніпжәнеПәріптеріненбасталатын, ал Post өрісігіңмәніИнженермәнінқабылдайтынбіріншіжазуізделінеді. Әріпрегистріескерілмейді.
Екііздеусипатыныңберілгенмәнібойыншаіздеуүшіноператормысалы:
If ADOTable1.Locate(‘Fio; Rs’, VarArrayOf([Edit1.Text, // - фамилияб/ша
MaskEdit1.Text]), []) // - стипендия
б/ша
then S1 else S2;
КелтірілгенмысалдаізделінетінсипаттармәніEdit1.Text, MaskEdit1.Text қасиеттеріненалынады.
Lookup функциясыныңтақырыпшасы:
Function Lookup (const KeyFields: String; const KeyValues: Variant; const ResultFields: String): Variant;
Функцияанықталғаншарттықанағаттандыратынжазулардыіздеудіжүргізеді, бірақ Locate сияқтытабылғанжазуғабағдаршаныапармайды, олтабылғанжазудыңөрістерінендеректерді ResultField тізімініңөрісінесанайды.

26, 59. Деректер жинағын модификациялау
Деректер жинағын модификациялау жазуларды редакторлеу, қосу, өшіру амалдарынан тұрады. Деректер жинағының модификайиялау мүмкіндігін басқару ReadOnly логикалық қасиетінің көмегімен орындалады. ReadOnly = True болғанда деректер жинағын модификациялау рұқсат етілмемейді. ADOTable компонентінің деректер жинағы редактрлеу, көру, қою, іздеу режимдерінің бірінде бола алады. Деректер жинағын редакторлеуді визуалдық компоненттер көмегімен жүргізуге боады, мысалы, DBEdit редакторы немесе DBGrid торы арқылы. Деректер жинағы редакторлеу режиміне автоматты түрде көшеді, егер DataSource компонентінде визуалды компоненттер үшін қасиет AutoEdit = True болса. Егер AutoEdit = True болса – модификациялауға болмайды.
Егер әртүрлі формаларда орналасқан бірнеше байланысқан деректер жинағы модификацияланса, онда редакторлеуден соң барлық деректер жинағын жаңарту керек. Жаңарту мысалына үзінді:
ADOTable1.Edit; // - редакторлеу режимін орнату
ADOTable1.FieldByName(‘Name’).AsString := Edit1.Text; // - редакторлеу
ADOTable1.Post; // - өзгертулер енгізу
ADOTable1.Refresh; // - ADOTable1 жазуларын жаңарту
Form2.Table2.Refresh; // - ADOTable2 жазуларынжаңарту
ADOTable1 компонентібар Form1 формасыныңмодуліндеADOTable2 компонентібар Form2 формасыныңмодулінесілтемеболуыкерек.

27, 60. SQL тілі жайлы негізгі мағлұматтар
Деректердің санының өсуі, оларды сақтау және өңдеу қажеттілігінен, әртүрлі компьютерлік жүйелерде қызмет ететін МҚ-ң стандартты тілін құру сұранысы туындады. Шынында да, мұндай стандартты тіл қолданушыға деректерді дербес компьютерден, желілік жұмыс станциясынан немесе әмбебап ЭЕМ-да жұмыс істей отырып басқару мүмкіндігін береді.
SQL (Structured Query Language)-бұл құрылымдық сұранымдар тілінің қысқартылған атауы, реляциялық МҚ-да деректерді құру және өңдеу құралдарын береді. Компьютерлік технологиялардан ерекшелігінен тәуелсіздігі, және SQL-ді реляциялық деректер қорының технологиясы облысындағы өндіріс жетекшілерімен қолдауы оны МҚ стандартты тіліне айландырды.
Реляциялық МҚ пайда болғанға дейін, көптеген МҚБЖ үшін құрылған барлық деректерді басқару тілдері, файлдардың логикалық жазулары түрінде берілген деректермен жүргізілетін операцияларға бағытталған. Әрине, бұл қолданушыдандеректердің сақталуын, қандай деректер қажеттігін, олардың қайда орналасқанын және қалай алу жолдарын білу талапді етеді.
SQL – тілі кестелрмен және кестелердегі деректермен әрекет үшін арналған. Бұнда есептек процесін басқару операторлары жоқ (ауысу, бұтақталу, циклдар). SQL тілінде жазылған программаны SQL – сұраныс деп аталады.
SQL – тілі Delphi жүйесіне ендірілген. SQL операторларымен жұмыс үшін ADOQuery компоненті қолданылады. SQL тілінің сұранысының екі түрі бар: статистикалық және динамикалық. Статистикалық сұраныс қосымшаны жасау барысында құрылады және де оны орындау кезінде өзгермейді.
Динамикалық SQL – сұраныстың мәтіні қосымшаны орындау барысында құрылады немесеөзгертіледі, сонымен қатар сұраныс парамертлері көмегімен.
SQL – тілінің өзінің көптеген диалектері және бірнеше стандарттары бар. SQL –92 стандарты Американдық стандарттар институтымен бекіиілген. (ANSI – American National Standarts Organization), сондықтан оны ANSI стандарты немесе ANSI/ISO дейді.

28.Отчеттармен жұмыс, отчет компоненттері
Отчет – бұл деректер базасының деректерін сақтайтын құжат. Delphi ортасында отчет құру үшін QuickReport жүйесі – отчеттер генераторы қызмет атқарады. Онда отчетты құру үшін көптеген компоненттер жиынтығы бар.
Егер отчет құру компонентері компоненттер палитрасына орнатылмаэған болса, оларды келесідей орнатуға болады. Негізгі меню командасы көмегімен ComponentInstall Packages форманы шақырады Project Options For Project1.exe. Оның Packages бетінде Design packages терезесінде Quick Report Components атауымен жолды тауып белгілеп ADD батырмасын басып, одан кейін Ok батырмасын басамыз. Компонеттер палитрасында отчет құру үшін QReport беті пайда болады.

29.Отчет компоненттері
Отчет құру үшін арналған компоненттер пиктограммасы компоненттер палитрасының Qreport бетінде орналасады. Отчет барлық компоненті визуалды. Отчет жолақтар тізбегінен тұрады (Band). Жолақ деректер базасының мәтіндік немесе графикалық деректері болатын басқа компоненттер үшін контейнер есебінде қарастырылады. Отчетте деректерді бейнелеу үшін отчет компоненттерін деректер қорымен байланыстыру керек. Отчет құру үшін кейбір негізгі компоненттерді қарастырайық.
Quick Rep – бұл отчеттың негізгі компоненті онда отчет толық құрылады; ол үшін оған отчеттың басқа элементтері орналастырылады. Көбінесе отчет және компонент – отчетті жеке формада орналастырады. Оның атауы үнсіз келісім бойынша Quick Rep1. Компонентті формаға орналастырғаннан кейін ол А4 форматындағы бет түріне келеді. Zoom қасиеті көмегімен беттің масштабын өзгертуге болады. Үнсіз келісім бойынша бұл қасиеттің мәні =100%.
Отчет компонентін деректер жинағымен байланыстыру үшін:
• Негізгі форма модулімен отчеты бар форма модулімен байланыстыру, мысалы, Uses Unit2 операторымен;
• Компонент – отчетты ADOTable немесе ADOQuery деректер жинағымен байланыстыру DataSet қасиеті көмегімен;
• Ол үшін қосымшаны жасақтау немесе орындау барысында DataSet қасиетінің мәнін орнату керек. Мысалы:
QuickRep1. DataSet:=Form1.ADOTable1
QuickRep1. DataSet:=Form1.ADOQuery1;
Bands қасиеті келесі құраушыларды отчетқа қосуға мүмкіндік беретін логикалық мәндер жинағынан тұрады: отчет бағанның тақырыпшасы(HasColumnHeader), детальдік берілгендер (HasDetail), беттің төменгі бөлігінен (HasPageFooter), отчет тақырыпшасы (HasTitle), отчет жеке жолақтардан тұрады. Олар отчеттың түрі мен құрамын анықтайды. Жолақта оның компоненттері орналасады. Компоненттер мысалы:
• TQRBand – деректерді орналастыру үшін жолақ, оның BandType қасиетінің көмегімен жолақтың келесі нұсқауларының бірін анықтауға болады: отчет тақырыпшасы, бет тақырыпшасы, топ тақырыпшасы, отчет бағандарының атаулары (тақырыпшалары), деректер базасының қорытынды деректері және т.б.;
• TQRSubDetail – тәуелді кестенің деректері
• TQRGroup – отчетта деректерді топтау
• TQRLabel – статикалық мәтін үшін
• TQRDBText – деректер жинағының жазуларының жолдық өрістерінің құраушылары үшін
• TQRImage – деректер жинағының жазуларының графикалық өрістерінің құраушылары үшін
• TQRExper – есептеулер нәтижесін шығару үшін; есептеулер үшін өрнектерде жазулар өрісінің мәндері қолданылады; деректер жолағы үшін қолданылады
• TQRSysDate – жүйелік деректер; күнді, уақытты, беттер номерін шығару үшін; қорытынды жолақтар және колонтитул үшін қолданылады
• TQRMemo – түсіндірме шығару үшін
• TQRRichText – форматталған түсіндірме шығару үшін
• TQRDBRichText – форматталған түсіндірме өрістерін шығару үшін
• TQRStringBand – мәтіндік файлды шығару үшін
• TQRShape – графикалық фигураларды шығару үшін
• TQRImage – графикалық бейнелерді шығару үшін
• TQRDBImage – деректер жинағы өрісінен графикалық бейнелерді шығару үшін
• TQRChart – графиктер мен диаграммаларды шығару үшін.
Отчеттың кейбір компоненттері Delphi-дің қарапайым компоненттерінің аналогы болып саналады. Мысалы: QRLabel, QRMemo, QRDBText, QRShape, QRImage – бұл Label, Memo, Text, Shape, Image компоненттерінің аналогы. Отчет компоненттерінде қарапайым компоненттерде болмайтын 2 қасиеті болады: Frame, Size.
Frame қасиеті отчет рамкаларының параметрлерін анықтайды, Font қасиеті – шрифт. Page қасиеті – бет параметрі. Size қасиеті күрделірек; оның компоненттің деректерді көрсету кезіндегі орнымен өлшемін анықтайтын өзінің қасиеті бар.
Өріс деректерін өңдеу нәтижелерін құру үшін жолақта QRExpr компонентін орнату керек. Оның келесі қасиеті бар:
• Expression – String типті; деректерді өңдеу үшін формулалар бар;
• AutoSize – Boolean типті; енгізілетін жол ұзындығы бойынша QRExpr компонентінің өлшемін автоматты түре өзгерту мүмкіндігін басқарады.
• AutoStretch – Boolean типті; жолды келесі жолға автоматты түрде көшіру мүмкіндігін басқарады, егер енгізілетін жолдың ұзындығы QRExpr компонентінің өлшемінен ұзын болса;
• Left – Integer типті; шығарылатын нәтиженің сол жақ шекарасын анықтайды;
• Width – Integer типті енгізлетін жолдың енін анықтайды.
Компонент – отчет әдістерінің мысалдары:
NewPage – келесі бетке көшуді орындайды;
Previtew – алдын ала көру терезесіне отчетты шығарады;
Print – отчетті принтерге басады.

30.Отчетта деректерді топтау
Отчетта шығарылатын деректерді белгілі бір сипаты бойынша топтауға болады. Ол үшін осы өріске құрылған ағымдағы индекс орнауы керек. Егер индекс берілмесе, топтау дұрыс жүрмейді. Бір деректер жинағының немесе байланысқан деректер жинағының мәндерін топтауға болады. Топтарды безендіру үшін келесі компоненттер тізбегін құру керек:
QRGroup – Group Header атауымен;
QRBand – BandType=rbDetail қасиетімен және Detail атауымен;
QRBand – BandType=rbGroupFooter және GroupFooter атауымен.

31.Текстік файлдарды баспалау
Текстік файлдарды баспалау үшін QRStringsBand компоненті қолданылады. Ол отчеттің жолдық жолағы болып табылады. Компоненттің Items қасиетінде мәндері отчетқа шығатын жолдар жинағы болады. Компоненттің Items қасиетіне деректерді текстік файлдан жүктеуге болады. Ал Items қасиетінің жолдарын қосу және өшіру үшін сәйкесінше ADD және Delete әдістерін пайдалануға болады. Оған текстік файлдың деректерін жүктеу жұмысы LoadFromFile әдісімен орындалады.

32."Клиент-сервер" технологиясына кіріспе
Қазіргі офистің тиімді жұмыс істеуі қызметшілердің жалпы деректер базасын пайдалануынсыз мүмкін емес. ДБ ортақтығы пайдаланушылардың (клиенттердің) компьютерлер серверіне біруақытта кіруі кезінде ол үшін берілген арнайы компьютерге (сервер) кәсіпорынның жергілікті желісінде оның орнатылуымен жүзеге асырылады.
Осы уақытқа дейін ұжымдық ДБ ұйымдастыру үшін файл-сервер архитектурасы пайдаланылды, онда ДБ ұйымдастыру және басқару толықтай киенттерге жатты, ал ДБ өзі желілік серверде бір немесе бірнеше каталогтарда файлдар жиынын ұсынды.

33."Файл-сервер" және "клиент-сервер" архитектурасы.
Қазіргі офистің тиімді жұмыс істеуі қызметшілердің жалпы деректер базасын пайдалануынсыз мүмкін емес. ДБ ортақтығы пайдаланушылардың (клиенттердің) компьютерлер серверіне біруақытта кіруі кезінде ол үшін берілген арнайы компьютерге (сервер) кәсіпорынның жергілікті желісінде оның орнатылуымен жүзеге асырылады.
Осы уақытқа дейін ұжымдық ДБ ұйымдастыру үшін файл-сервер архитектурасы пайдаланылды, онда ДБ ұйымдастыру және басқару толықтай киенттерге жатты, ал ДБ өзі желілік серверде бір немесе бірнеше каталогтарда файлдар жиынын ұсынды. Осындай жүйелерді эксплуатациялау барысында файл-сервер архитектурасының жалпы кемшіліктері ерекшеленді, олар мыналардан тұрады:
• есептеу жұмысының барлық ауыртпашылығы клиент компьютеріне жатты; мысалы, егер сұраныс нәтижесінде клиент кестеден 100 000 жазба көлемімен 2 жазба алу керек, барлық 100 000 жазбалар файл-серверден клиенттік компьютерге көшіріледі; нәтижесінде желінің жүктелуі (желілік трафик) өседі және аппараттық күштілікке талаптары ұлғаяды.
• Пайдаланушылық компьютер; клиенттік компьютердің есептеу күштілігінің тұрақты ұлғаюына қажеттілігі жинақталған және өңделетін ақпарат көлемінің тұрақты ұлғаюымен түсіндіріледі.;
• ДБ желілік серверде файлдар жиынын көрсеткендіктен, кестелерге кіру тек желілік операциялық жүйемен ғана, бұл мұндай ДБ ондағы сақталған ақпаратты кездейсоқ және әдейі искажения әлсіз етеді;
• файл-сервер жүйесінде бизнес-ереже клиент программасында реттеледі. Бұл әртүрлі программаларда қайталанатын бизнес-ережелерді жобалауды алып тастамайды; ақпараттың мәндік бүтіндігі бұзылуы мүмкін;
• жергілікті ДББЖ транзакциясының жеткіліксіз дамыған аппараты біз жазбаға өзгерісті біруақытта енгізу кезінде, сондай-ақ ДБ-мен біркелкі толық операцияларды мәні бойынша біріктірілген сериялардың нәтижелерін артқа қайтаруды өндіру кезінде де қателіктің потенциалды көзі болуы мүмкін, кейбіреулері табысты аяқталғанда, ал кейбіреуі табысты аяқталмағанда; бұл ДБ сілтемелі және мәндік бүтіндігін бұзуы мүмкін.


34.InterBase SQL-сервері және оның негізгі компоненттері.
35.InterBase: кейбір техникалық сипаттамалары.
Мәліметтер қорына альтернативті қаиынаудың тағы бір түрі – Interbase Express (IBX) технология негізінде Delphi 5-ке енгізілген Interbase. Delphi 5 компоненттер кітапханасында Interbase-бен жұмыс істеу компоненттерінен тұратын Interbase беті пайда болады. Бұл компоненттер BDE-ң қарапайым компоненттері қатынай алмайтын Interbase серверінің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Delphi 6 және 7 нұсқаларында мәліметтер қорына қатынаудың альтернативті мүмкіндіктері dbExpress технолгиясымен кеңейтілген. Бұл бірыңғай интерфейс негізінде SQL серверлеріне қатынауды қамтамассыз ететін драйверлер жиыны.
Delphi 7-де Borland құрушылары BDE-ден біртіндеп бас тарта бастады. Мысалы, үлестірілген қолданбаларда BDE емес dbExpress қолдануды ұсынды. BDE-ден біртіндеп бас тарту Delphi 6-да аздап басталды, яғни BDE қолданатын компоненттер кітапхананың бірінші бетінен дара беттерге көшіріледі.

36.InterBase деректер базасын физикалық ұйымдастыру.
37.Delphi және InterBase.